Айдар : Студенттік өмір
Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг
2025 жылдың 17-ші қараша айында Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен "Қаржы" халықаралық студенттік онлайн-олимпиадасы өтті. Іс-шараға 6 елден 300-ден астам студент, 17 оқу орны қатысты. Олимпиаданың екінші кезеңіне 55 студент қатысты. Олар 20 сұрақтың 18 немесе одан да көп сұрақтарына жауап бере отырып, іріктеу кезеңінің сұрақтарын сәтті орындады. Олимпиада жеңімпаздары барлық олимпиадалық тапсырмаларды орындағаны үшін, алынған ұпайларға сәйкес, қалыптастырылған қатысушылардың рейтингтік кестесі негізінде айқындалды.
Біздің іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!