Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
«Қаржы» білім бағдарламасы бойынша 2021 жылы «ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 30.12.2021 бастап 29.12.2026 дейін жарамды, Тіркеу номірі НЕ-SA-000229).

Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В04104-Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Даярлау бағыты:
Бизнес және басқару
Кәсіби қызметінің нысандары:
6B04104 – «Қаржы» білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер экономиканың түрлі салаларында жұмыс істей алады, қаржы менеджері, қаржы талдаушысы, бюджеттеу және қаржылық жоспарлау маманы лауазымдарын атқара алады. Сондай-ақ кәсіпорындарда, корпорацияларда және фирмаларда, мемлекеттік басқару органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, банктерде, сақтандыру және инвестициялық компанияларда, қаржылық-экономикалық қызметтерде, ұлттық және халықаралық ұйымдарда еңбек ете алады.
Кәсіби қызметінің пәні:
- Әлеуметтік-экономикалық және қаржылық үдерістерді реттеу үшін экономикалық және қаржылық құралдарды қолдану;
- Ұйымдардың қаржылық қызметін ұйымдастыру және жүргізу, ақша ағындарын басқару;
- Қаржылық есептілікті жасау және талдау, кірістер мен шығыстарды бақылау;
- Бюджеттеу, қаржылық жоспарлау және экономикалық көрсеткіштерді болжау;
- Ұйым қызметін қаржылық талдау және оның тиімділігін бағалау;
- Компаниялардың инвестициялары мен қаржылық ресурстарын басқаруға қатысу.
Кәсіби қызметінің түрлері:
6B04104 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
- ұйымдастырушылық-технологиялық;
- өндірістік-басқарушылық;
- есептік-жобалық;
- эксперименттік-зерттеу;
- жобалық;
- білім беру;
- экономикалық;
- талдамалық;
- кеңес беру.
Практика базалары:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Банк ЦентрКредит» АҚ АФ, «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ «Батыс» филиалы, «Отбасы банк» АҚ АФ, «Kaspi Bank» АҚ АФ, «Нурбанк» АҚ АФ, «Forte Bank» АҚ АФ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АФ, Ақтөбе қаласындағы «BEREKE BANK» АҚ, «Alatau City Bank» АҚ, «Nurbank» АҚ, Ақтөбе облысының әкімдігі.