БАСТЫ БЕТ > 7M04104 – ҚАРЖЫ > 7M04104 – ҚАРЖЫ

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2020 жылдың маусым айында ARQA «Аккредиттеудің және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі рейтингтің тәуелсіз Агентігі» мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 12.06.2020. – 11.06.2025 ж. Жарамды. Тіркеу номері HE-SA-000154).

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 2 жыл

Берілетін дәреже:

7М04104 Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы: 

Бизнес және басқару

Кәсіби қызметінің нысандары:

7М04104 – «Қаржы» білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер экономиканың түрлі салаларында жұмыс істей алады, кәсіпорындарда, корпорациялар мен фирмаларда, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, банктерде, сақтандыру және инвестициялық компанияларда, қаржылық және экономикалық қызметтерде, ұлттық және халықаралық ұйымдарда қаржы менеджері, қаржы талдаушысы, бюджеттеу және қаржылық жоспарлау маманы лауазымдарын атқара алады. Сондай-ақ түлектердің кәсіби қызметінің нысандары ретінде ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар, жоғары оқу орындары, білім беру ұйымдары және басқа да ұйымдар табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Кәсіби қызметтің пәні әртүрлі сала ұйымдарының, кәсіпорындардың, шаруашылық құрылымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері; мемлекеттік және жергілікті билік органдары; академиялық және ведомстволық ғылыми ұйымдар; жалпы білім беретін мекемелер; ғылыми-зерттеу институттары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7M04104 «Қаржы» бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі келесі кәсіби қызметпен айналыса алады:

  • қаржылық менеджмент;
  • сараптамалық талдау;
  • бизнес-жоспарлау;
  • жобалық жұмыс;
  • зерттеу;
  • білім беру немесе оқыту.

Практика базалары:

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті. «Банк ЦентрКредит» АҚ АФ. Банк ВТБ (Қазақстан) акционерлік қоғамының «Западный» филиалы, «Отбасы Банк» АҚ АФ, «Kaspi Bank» АФ, «Forte Bank» АҚ АФ, «Қазақстан Халық банк» АҚ АФ, «BEREKE BANK» АҚ Ақтөбе қаласы,  «Alatau City Bank» АҚ, «Nurbank» АҚ, Ақтөбе облысының әкімдігі.