Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2021 жылдың желтоқсан айында ARQA «Аккредиттеудің және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі рейтингтің тәуелсіз Агентігі» мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 30.12.2021. – 29.12.2026 ж. Жарамды. Тіркеу номері HE-SA-000231).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 2 жыл
Берілетін дәреже:
7М04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, министрліктерде, ведомстволарда, агенттіктерде, сондай-ақ ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік компанияларда, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында, білім беру ұйымдарында және мемлекеттік және муниципалды басқару саласындағы білім мен дағдылар қолданылатын басқа да құрылымдарда қызмет атқару.
Кәсіби қызметінің нысандары:
ҚР Президенті Әкімшілігі мен аппараты, ҚР Парламенті аппараты, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері, экономика және қаржы саласын басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер), жергілікті басқару органдары (аудан, қала, облыс әкімдіктері) және атқарушы органдардың аппараттары, ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік компаниялар, концерндер, корпорациялар, жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары және басқа да құрылымдар.
Кәсіби қызметінің пәні:
Ұлттық экономика, аймақтық экономика және кәсіпорын деңгейінде басқару шешімдерін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру, басқару, экономикасын жүргізу, менеджментті жүргізу, талдау, жоспарлау, болжау, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; оқытушылық қызметті жүзеге асыру.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- Ұйымдастырушылық және технологиялық қызметі.
- Өндірістік-басқарушылық қызмет.
- Жобалық қызмет.
- Ғылыми –зерттеу қызметі.
- Білім беру немесе педагогикалық қызмет.
Практика базалары:
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.