Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг
2025 жылдың 15-ші желтоқсанында Finhub_aqtobe коворкингінде БK”ProfBukh” құрушысы Дарбаева К.М. ұйымдастыруымен бизнес пен болашақ мамандардың кездесуі өтті.
Шараға «Республика» партия төрағасы Бекбауова Дана Бахитқызы; Атамекен палатасының салалық кеңесінің үйлестірушісі маманы ; Жастар қанатының төрағасы Анапин Димаш; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің " Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг " кафедрасының меңгерушісі Иманбаева Зәуреш Өтегенқызы және «Есеп және аудит» ББ 3(СПО),4 курс студенттері қатысты.
Кездесуде "Есеп және аудит" мамандығының 4 курс студенттері "Бухгалтерлік аутсорсинг" пәні бойынша өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. Оқу барысында нақты кейстер, нарық трендтері, жұмыс берушілердің күтулері және мансапты бастау мүмкіндіктері талқыланды.
Мұндай кездесулер студенттердің тәжірибелік тәжірибесіне, серіктестігіне және кәсіпкерлік ойлауын дамытуға жасалған қадам болып табылады. БK”ProfBukh” «Есеп және аудит» ББ-сы бойынша кафедра филиалы болып табылады. Білім алушылар осы мекемеде 1 С Бухгалтерия пәнін 1С Бухгалтерия 8.3 программасы бойынша нақты кәсіпорындардың кейстерін шешу арқылы практикалық сабақтарын өтеді. БK”ProfBukh”құрушысы Дарбаева Карлыгаш Мыржакыповна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің " Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг " кафедрасының практик-маманы болып табылады.