БАСТЫ БЕТ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасы «Қаржы және есеп» пен «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедраларының біріктірілуі нәтижесінде 2019 жылдың мамыр айында құрылды. Кафедраның ғылыми дәрежесі -55 % құрайды.

Сондай-ақ академиялық оқу процесіне шетелдік ғалымдар онлайн дәріс оқуға шақырылды. Атап айтсақ.

Марат Каратаев – PhD - (Ноттингем университетінен) – бакалавр деңгейіндегі 3-курс бойынша барлық ББ-на «Академиялық жазу» пәнінен онлайн дәріс оқыды (20.09.23-04.10.23 ж.)

Ниязбекова Шакизада Утеулиевна – PhD - (РФ Үкіметінің жанындағы Қаржылық университетінен) – магистратура деңгейіндегі 7М04105 – Мемлекеттік және жергілікті басқару ББ-ның 2-курс магистранттарына «Басқару шешімдерін қабылдау әдістері (қазақ тілінде)» пәнінен және 7М04106 – Маркетинг ББ-ның 2-курс магистранттарына «Бенчмаркинг» (орыс тілінде) пәнінен онлайн дәріс оқыды (20.09.23-04.10.23 ж.).

Кафедрада 3 білім бағдарламасы бакалавриат деңгейінде, 3 білім бағдарламасы магистратура бойынша академиялық қызметін жүзеге асырады. Олар төмендегі кестеде бейнеленген.