Оқу процесін жетілдіру үшін мультимедиялық құралдар қолданылады: оқытушы мен білім алушының арасында тиімді байланыс орнату және ғылыми шығармашылығын дамыту үшін көрнекті материалдар видеопректорлар және интерактивті тақта пайдаланылады.
Zhubanov university компьютерлік паркі әрқашан жаңартылып отырады, заманауи жетістіктер технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету тоқтаусыз жетілдірілуде.
Жаңа инновациялық технолгияларды пайдаланудың негізгі факторы заманауи компьютерлік техникалардың бар болуы және бірыңғай ақпараттық – білім беру ортасының желі арқылы құрылуы болып табылады.
Оқу процесін жүргізу үшін арнайы «Бухгалтер-аналитик», «1С», «Салық ісі», «Дилинг орталығы», «Жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі» және т.б., 5 компьютерлік класс, MS-Office, Project Expert for WINDOWS, Audit Expert 4 заманауи жетістіктер технологиясы бағдарламасымен жетілдірілген жұмыс жасайтын 50 дана компьютер.

Сонымен қатар, лицензионнды «1С: ПРЕДПРИЯТИЕ 8,3» және «СОНО РК» салық есептілігінің жүйесі бағдарламалары қондырылған арнайы кабинеттер қолданылады. «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтарының оқытушылары дидиактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды да кең қолданады: кестелер, карталар, сызбалар.

Экономика және құқық факультеті университеттің ұйымдық құрылымы ретінде оқу мен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасаған. Атап айтқанда, оқу үдерісін жүзеге асырудың инфрақұрылымы үнемі жетілдірілуде. Мониторинг нәтижелері бойынша студенттердің, оқытушылардың, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың университеттегі бар инфрақұрылымға қаншалықты қанағаттанғандығы белгілі болды.
«БУХГАЛТЕР-АНАЛИТИК» КАБИНЕТІ

1С: БУХГАЛТЕРИЯ – ОҚУ КАБИНЕТІ

«ҚАРЖЫ» ОҚУ КАБИНЕТІ

АНАЛИТИКАЛЫҚ ДИЛИНГ ОРТАЛЫҒЫ
