Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы университетте білікті мамандар даярлаудың міндетті алғышарты, оқу – тәрбиелік және ғылыми – инновациялық біртұтас процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Ғылыми жұмыстармен айналысу студенттерге жоспарларын анықтауға, қажетті зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және өз ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен конференцияларға, семинарларға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді. Студенттік командалар кафедра оқытушыларының жетекшілігімен соңғы үш жылда Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО өткізетін әртүрлі республикалық пәндік олимпиадалардың, байқаулардың және халықаралық конференциялардың жүлдегерлері атанды.
Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әр жылдары студенттер бір семестр бойы Башқұрт мемлекеттік университетінде (РФ), Сакария университетінде (Түркия), В.Корфанты атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетінде (Польша), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (РФ), А.Пушкин ат. Ленинград мемлекеттік университеті (РФ), Быдгощ экономикалық университеті (Польша), Қазан федералды университеті (РФ).
2024-2025 оқу жылында «Есеп және аудит» ББ 2 курс студенті Кукуреко Данил Анреевич Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.

Ұлттық (ішкі) академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес Нархоз университетінде (Алматы қ.), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (Астана қ.), Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде (Орал қ.), Алматы технологиялық университетінде оқыту өтті.
Студенттік ғылым үнемі педагогикалық ұжымның қадағалауында. Студенттердің ғылыми жұмысын кафедраның болашақ кадрларының әлеуетті резервін анықтаудың бір түрі ретінде қарастырамыз, өйткені ұжымның негізгі бөлігін ЖОО түлектері құрайды.
Кафедрада маманданған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
Кафедрада 1 ғылыми үйірме жұмыс жасауда.
Оқытушылар әртүрлі ғылыми мәселелерді шешу үшін студенттерді ынталандырады. Бұл іс-шараның нәтижелері студенттік конференцияларға, студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстарында көрнеді. Студенттер арасында республикалық пәндік олимпиадалардың, конкурстар мен жоғары оқу орындарының халықаралық конференцияларының жеңімпаздары бар.