БАСТЫ БЕТ > БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ > БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ

Мамандарды кәсіби даярлаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады. Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуде. Түлектерді еңбек нарығына бейімдеу мақсатында оларға ақпараттық, әдістемелік, психологиялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жөніндегі шаралар кешенін қамтитын түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменттің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы – Шілманов Айбек Ақбергенұлымен кездесу

Кәсіпорын басшыларын жұмыс беруші ретінде тарту мақсатында кәсіпорын басшылары мен ұйымдардың қатысуымен іскерлік байланыс орнату мақсатында бос орындар жәрмеңкелері мен дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрге айналған. Кафедрамыз  келесі кәсіпорындармен және мекемелермен байланыс орнатқан: 6В04103 «Есеп және аудит» ББ бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ТҰК «Қазхром» АҚ, «Каѕріbank" АҚ АФ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ АФ, «Южпромснаб» ЖШС, «БатысЖер» ЖШС, «НБ-Транс» ЖШС, «ProfBukh» БК, «БК-Баланс» ЖШС, «PROF Service» (бухгалтерлік және аудиторлық қызметтер) т.б. компаниялар тобы.

6В04104/7М04104 «Қаржы» ББ бойынша Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, "Сан Билдинг" ЖШС, "Банк Центркредит" АҚ АФ, "Отбасы банк" АҚ АФ, "Best 7" ЖШС, "Master Comm Logistics" ЖШС, "Kaspi Bank" АҚ АФ, "Нұрбанк" АҚ АФ, "Актое ОПС строй" ЖШС, "Forte Bank" АҚ АФ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ АФ,"Ақтөбеападстрой" ЖШС

6В04105/7М04105  «Мемлекетік және жергілікті басқару» ББ бойынша Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы.

Түлектердің тиімді жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету үшін кафедра келесі жұмыс бағыттарын жүзеге асырады:

  1. Ақтөбе облысы және Батыс өңіріндегі жұмыс берушілермен байланыста болу;
  2. Түлектер үшін бос жұмыс орындары мен жұмыс ұсыныстары туралы жиынтық деректерді құру;
  3. Түлектердің деректер қорын қалыптастыру, жәрмеңке, дөңгелек үстел, сұхбат және т.б. түріндегі жұмысқа орналастыру шараларын ұйымдастыру;
  4. Жұмыспен қамтылған түлектермен серіктестік орнату, қарым-қатынас ортасын құру.

Түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын студенттердің жұмысқа орналасу деңгейіне талдау жүргізіледі.

Бітіруші студенттердің кәсіптік дайындық деңгейін анықтау мақсатында кәсіпорын басшылары өндірістік тәжірибеден өткен жерінен теориялық және практикалық жетістіктері мен кемшіліктері, өндірістің жаңа технологиялары бойынша кері байланыс жасайды. Бітірген мамандарды дайындау сапасына тұтынушылардың қанағаттануы әртүрлі көрсеткіштер бойынша орта есеппен 85% құрайды.

Жоғары оқу орындарына қойылатын талаптардың бірі түлектердің сұранысы болып табылады. Факультет кафедрасы түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Түлектерді жұмысқа орналастыру шеңберінде кафедра жыл сайын "Бос орындар жәрмеңкесін" өткізеді, онда бітіруші курс студенттері шақырылған ұйым басшылары мен мамандарына өздерінің "визиткаларын" және "іскер адам"портфельдерін ұсынады. Жұмыс берушілердің назарына түлектерге қойылатын біліктілік талаптарын нақты көрсететін стендтер дайындалды. Іс-шара барысында жұмыс берушілер қатысып отырған 4 курс студенттерін бос жұмыс орындары, олардың лауазымдық міндеттері, тиісті лауазымға үміткерлерге қойылатын талаптар, ұйымдағы ішкі тәртіп ережелері және т. б. туралы хабардар етеді.

Болашақ бітіруші түлектердің нарықтың талаптарына сай болуы үшін кәсіпорынның тәжірибелі мамандарын, бітірген түлектерді  университеттің оқу үдерісіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, оқу-тәрбие іс-шараларына қатыстыруда.
Оған дәлел ретінде жыл сайын оқу процесіне тәжірибесі мол кадрларды штаттан тыс, практик-маман ретінде жұмысқа тарту қалыпты процеске айналды.

Ақтөбе облысының еңбек нарығы жас мамандарға мансапты сәтті бастауға көптеген мүмкіндіктер береді. Бүгінде Ақтөбе облысындағы көптеген компаниялар мен кәсіпорындар университетіміздің түлектерін жұмысқа тартуға қызығушылық танытуда. Түрлі деңгейдегі Қазақстан экономикасының көптеген салаларында сұранысқа ие,  жоғары білікті мамандар ретінде өздерін дәлелдеді.

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР

Данағұлов Ербол Жеткергенұлы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Есеп және аудит» мамандығының 2002 ж.түлегі. "AMANAT" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы (2024 жылдан бастап).

 

Елеусінова Бұлбұл Ораққызы- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 2016 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры.

 

Тасқарин Артур Елубайұлы-Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Қаржы» мамандығының 2002 ж. Түлегі. «Қазақстан халық банкі» АҚ Шымкент қалалық филиалы директоры.

 

Куватчанова Айгүл Талапбергенқызы - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Есеп және аудит» мамандығының 2002 жылы түлегі, "First Heartland Jusan Bank" акционерлік қоғамының Ақтөбе филиалы директоры.

 

Кубенов Дамир Аманғалиұлы - 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген. ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.

 

Боранқұлов Дидар Ержігітұлы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Қаржы» мамандығының 2008 ж. жылғы түлегі, 2024 жылғы қаңтардан бастап Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды.

 

Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы - Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2008 жылғы түлегі, 22.05.2023 жылдан бастап Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

 

Нұрғалиев Елеусіз Оңдабергенұлы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының  2010 жылғы түлегі, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы.

 

Аманбаев Есет Букенбайұлы- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2016 жылғы түлегі,  17.01.2024 ж. – бүгінгі күнге дейін «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшы орынбасары.

 

Ершеге Манас Иғнатұлы- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2016 жылғы түлегі, 2023 жылғы 7 тамыздан бастап Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

Спанов Абылай Қайырбекұлы - 2014 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылғы 15 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Ақтөбе облысы Ыргыз ауданы Аманкөл ауылдық округінің әкімі.

 

Манашев Амандык Бахтыбаевич - 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген. Жиренқопа ауылдық округінің әкімі.

 

Бегеева Гулнур Жолдыбайкызы – 2019 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Төлем балансы департаменті, Халықаралық инвестициялар басқармасының бас маманы.