БАСТЫ БЕТ > 6В03101 – ҚҰҚЫҚТАНУ > 6В03101 – ҚҰҚЫҚТАНУ

6B04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы

Аккредитациядан өту (өту жылы, өту кезеңі):

2023 жылы KAZSEE Қазақстанның заманауи (Элиталық) Білім ассоциациясынан 5 жылға мамандандырылған аккредитациядан өтті (06.03.2023 - 05.03.2028 дейін, сертификат - тіркеу нөмірі № 23/15KA0017).

Оқу мерзімі: Күндізгі нысан: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже: «6B04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

Кәсіби қызмет саласы: Құқық

Кәсіби қызмет объектілері:

«6B04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер: жария және жеке құқық саласындағы құқықтық қатынастар, құқық қолдану және құқық қорғау қызметі, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметін құқықтық қамтамасыз ету.

Түлектердің жұмыс орындары:

Мемлекеттік органдар: барлық деңгейдегі соттар, прокуратура органдары, әділет органдары, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік кірістер органдары (салық, кеден), жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер), мәслихаттар.

Құқық қорғау және арнайы органдар: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық тергеу қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі.

Жеке сектор: адвокатура, нотариат, заң фирмалары және консалтингтік компаниялар, банктер мен қаржы ұйымдарының заң департаменттері, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтық қызметтері, жеке сот орындаушылары, медиаторлар.

Білім және ғылым саласы: жоғары оқу орындары (жоғары оқу орнынан кейінгі білім), ғылыми-зерттеу институттары.

Кәсіби қызмет пәндері:

6B04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және халықаралық шарттар, құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар, жария және жеке құқық саласындағы құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастар, сот және құқық қорғау органдарының құқық қолдану практикасы, құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын туғызатын заңды фактілер, құқық субъектілерінің құқықтық мінез-құлқы, құқық бұзушылықтар және заңды жауапкершілік, қоғамның құқықтық санасы және құқықтық мәдениеті, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмі, заңдық техника және құқықтық құжаттама, дәлелдемелер және дәлелдеу процесі, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері, құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесі, шарттық және шарттан тыс міндеттемелер, корпоративтік құқықтық қатынастар.

Практика базалары:

Сот органдары: Ақтөбе облыстық соты, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының аудандық және қалалық соттары.

Прокуратура органдары: Ақтөбе облысының прокуратурасы, Ақтөбе қаласының прокуратурасы, Ақтөбе облысының аудандық прокуратуралары.

Әділет органдары: Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері.

Ішкі істер органдары: Ақтөбе облысының Полиция департаменті, Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы, аудандық полиция бөлімдері.

Мемлекеттік кірістер органдары: Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Жергілікті атқарушы және өкілді органдар: Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе қаласының әкімдігі, Ақтөбе облыстық мәслихаты, Ақтөбе қалалық мәслихаты.

Адвокатура және нотариат: Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы, Ақтөбе облысының Нотариаттық палатасы, Ақтөбе қаласының жеке нотариустары.

Ұйымдардың заң қызметтері: «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Казахойл Ақтөбе» ЖШС, «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ, екінші деңгейдегі банктердің филиалдары (Halyk Bank, Kaspi Bank, Forte Bank және т.б.).

Жеке заң компаниялары: Ақтөбе қаласының заң фирмалары және консалтингтік компаниялары, Ақтөбе облысының жеке сот орындаушылары.