Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары
Қазақстанда жыл сайын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы өткізіледі, онда профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық және ғылыми шеберлігі бағаланады.
- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2018»: э.ғ.к. Тасмаганбетов Аслан Букенбаевич
- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021»: PhD Сайымова Мейрамкүл Дулатқызы
«Болашақ» халықаралық стипендиясы
- University of Minnesota – ғылыми тағылымдама, «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Жандос Бауыржанович (2024)
- University of Sussex – ғылыми тағылымдама, «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Жалтырбаева Рауан Серікбаевна (2025)
- University of Amsterdam – ғылыми тағылымдама, экономика ғылымдарының кандидаты, «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасының доценті Демеуова Гүлназ Қажмұқанқызы (2026)
- University of Amsterdam – ғылыми тағылымдама, экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті Балгинова Құралай Мақсатқызы (2026)
Ғылыми жобалар мен гранттар
- PhD, «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы Ниязбаева Айгүл Амангельдықызы
Жобасы: «Аймақ жастарының әлеуметтік-жұмыстық мобильділігі мен кәсіби бағдарлау моделін әзірлеу» (ОГРН АР13268873). Жас Ғалым байқауы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. Жобаның жүзеге асу мерзімі: 32 ай (2022–2024). - Экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті Тасмаганбетов Аслан Букенбаевич
Жобасы: «Қазақстанның ауылдық аймақтарын тұрақты дамыту үшін биоэнергияны енгізудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдері» (ОГРН AP13268757). Жас Ғалым байқауы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. Жобаның жүзеге асу мерзімі: 32 ай (2022–2024).
Білім алушылардың жетістіктері
- Бухарбаева Альбина Ерғалиевна (6B04104 – Қаржы)
V Халықаралық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасына (Красноярск, 29 қыркүйек – 3 қазан) қатысып, Қазақстан құрамасында ел намысын қорғады (2025). - Ерғали Бердешев және Асет Тажибаев (6B04104 – Қаржы)
Қазақстан Республикасы Банктерінің Ассоциациясы ұйымдастырған республикалық конкурста жеңімпаз атанып, KASE-де тағылымдама өту мүмкіндігіне ие болды (2025). - Есенов Асхат және Сапарғали Батыржан (6B04104 – Қаржы)
«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының III орын иегерлері. (2025). - Ешмұхан Әлфия (6B04201 – Құқықтану) және Исмагулова Гаухар (6B04202 – Құқық және бизнес) «Tomiris» жобасына қатысып, республикалық финалға өтті. Финалда өз жобаларын қорғап, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылармен тәжірибе алмасты. 3–5 қараша аралығында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» арнайы курсын сәтті тәмамдады (2025).