Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2021 жылдың желтоқсан айында «ARQA» АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН САРАПТАУ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІнен тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті. (Куәлік 29.12.2021 жылдан 29.12.2026 жылға дейін жарамды, тіркеу нөмірі HE-SA-000225).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В04101 - Экономика білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
Бизнес және басқару
Кәсіби қызметінің нысандары:
- республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар, меншік нысандары, қызмет түрі, қатысушыларының санатттары (ҚР резидент және резидент емес) әр түрлі қызметтегі экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және сараптамалық ұйымдар мен кәсіпорындары;
- ғылыми-зерттеу институттары, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім беру мекемелері;
- біріккен және шетелдік кәсіпорындар;
- отандық және халықаралық корпорациялар мен фирмалар;
- отандық және халықаралық консалтингтік және аудиторлық компаниялар;
- мемлекеттік билік және басқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
- халықаралық ұйымдардың бөлімшелері
Кәсіби қызметінің пәні:
Саланың немесе жеке кәсіпорынның нақты жағдайларында экономикалық процестерді дамытуға арналған жалпы, жеке және ерекше экономикалық заңдардың іс-қимылдары мен көрініс беру нысандарын, сондай-ақ оңтайлы шығындар кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін резервтерді анықтау жағдайлары мен факторларын зерделеу.
Кәсіби қызмет түрлері:
- ұйымдастыру – технологиялық қызмет;
- өндірістік-басқарушылық қызмет;
- жобалау қызметі;
- бакалаврлардың ғылыми-зерттеу қызметі;
- білім беру қызметі;
- аналитикалық;
- кеңес берушілік.