БАСТЫ БЕТ > 6В04102 - МЕНЕДЖМЕНТ > 6В04102 - МЕНЕДЖМЕНТ

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):2023 жылдың наурыз айында ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ (ЭЛИТАЛЫҚ) БІЛІМ АССОЦИАЦИЯСЫ KAZSEE-де тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 06.03.2023 жылдан 05.03.2028жылға дейін жарамды, тіркеу нөмірі № 23/15КА0014).

Оқу түрі, мерзімі:Күндізгі, 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже: 6В04102-Менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:Бизнес  және  басқару

Кәсіби қызметінің нысандары:

- мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, қызмет түрінен, мөлшері мен меншік нышанынан тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар мен фирмалар;

- экономиканың нақтылы секторы, қаржы-банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік;

- оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары;

- индивидуумдар және социумдар.

Кәсіби қызметінің пәні:Саланың немесе жеке кәсіпорынның нақты жағдайларында экономикалық процестерді дамытуға арналған жалпы, жеке және ерекше экономикалық заңдардың іс-қимылдары мен көрініс беру нысандарын, сондай-ақ оңтайлы шығындар кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін резервтерді анықтау жағдайлары мен факторларын зерделеу.

Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- ақпараттық-сараптамалық;

- жобалық;

- ғылыми-зерттеушілік;

- білім беру;

- сараптамалық;

- кеңес берушілік.

Практика базалары:«Отбасы банк» АҚ, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Батыс Жер» ЖШС, Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының әкімдіктері, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті, «Kemel audit» ЖШС, «Азия Паллет» ЖШС, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Юбилейный Зауыты» ЖШС, «Азия Альянс Сервис» ЖШС, «Ақтөбе құбыр зауыты» ЖШС, «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС және т.б.