БАСТЫ БЕТ > 6В04103 - БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ > 6В04103 - БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ

6В04103-ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

«Есеп және аудит» білім бағдарламасы бойынша 2021 жылы «ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 30.12.2021 бастап 29.12.2026 дейін жарамды, Тіркеу номірі НЕ-SA-000228).

Оқу түрі, мерзімі:Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже:6В04103-Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.

Даярлау бағыты:Бизнес және басқару

Кәсіби қызметінің нысандары:

6В04103-Есеп және аудит мамандығы бойынша бітіруші түлектердің кәсіби қызмет ету экономиканың түрлі салаларында жұмыс істей алады, кәсіпорындарда, корпорацияларда, фирмаларда, бухгалтерлік есеп саласындағы мемлекеттік және жергілікті органдарда, министрліктер мен ведомстволарда, қаржы ұйымдарында, есеп және қаржы қызметтерінде бухгалтерлер мен бас бухгалтерлер, жетекші мамандар лауазымдарын атқара алады, ұлттық және халықаралық компаниялардағы бухгалтер-талдаушылар, аудиторлар қызметін атқара алады.

Кәсіби қызметінің пәні:

- бастапқы құжаттау, тіркеу және өңдеу;

- салықтарды, сақтандыру жарналарын есептеу;

- салық органдарына есептілікті қалыптастыру және беру;

- жалақыны есептеу;

- қаржылық есептілікті құру;

- банктермен және тексеруші органдармен өзара байланысу;

- қаржылық жағдайды талдау;

- қаржы-экономикалық процестерді бюджеттеу және болжау;

- АХС сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүргізу.

Кәсіби қызметінің түрлері:

6В04103-Есеп және аудит мамандығын бітіруші бакалавр төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • есептік-жобалау;
  • эксперименттік-зерттеу;
  • білім беру;
  • экономикалық;
  • аналитикалық;
  • кеңес беру.

Практика базалары:

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ТҰК «Қазхром» АҚ, «Каѕріbank" АҚ АФ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ АФ, «Южпромснаб» ЖШС, «БатысЖер» ЖШС, «НБ-Транс» ЖШС, «ProfBukh» БК, «БК-Баланс» ЖШС, «PROF Service» (бухгалтерлік және аудиторлық қызметтер) компаниялар тобы және т.б.