БАСТЫ БЕТ > 6В04104 - ҚАРЖЫ > 6В04104 - ҚАРЖЫ

Аккредиттеуден өтуі (өткен жылы, өту кезеңі):

2021 жылы Қазақстан Республикасының «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес ұйымының сараптамалық комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша «Қаржы» білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
(Куәлік 29.12.2021 ж. бастап 29.12.2026 ж. дейін жарамды, тіркеу нөмірі HE-SA-000229).

Оқу мерзімі:

Күндізгі оқу нысаны: 4 жыл, 3 жыл.

Берілетін дәреже:

6В04104 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.

Дайындық бағыты:

Бизнес және басқару.

Кәсіби қызмет объектілері:

6В04105 – «Қаржы» білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер экономиканың әртүрлі салаларында еңбек ете алады, кәсіпорындарда, корпорациялар мен фирмаларда қаржы менеджері, қаржы талдаушысы, бюджеттеу және қаржылық жоспарлау жөніндегі маман лауазымдарын атқара алады. Сондай-ақ олар мемлекеттік басқару органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, банктерде, сақтандыру және инвестициялық компанияларда, қаржылық және экономикалық қызметтерде, ұлттық және халықаралық ұйымдарда жұмыс істей алады.

Кәсіби қызмет саласы:

– әлеуметтік-экономикалық және қаржылық үдерістерді реттеу үшін экономикалық және қаржылық құралдарды қолдану;

– ұйымдардың қаржылық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, ақша ағындарын басқару;

– қаржылық есептілікті жасау және талдау, кірістер мен шығыстарды бақылау;

– бюджеттеу, қаржылық жоспарлау және экономикалық көрсеткіштерді болжау;

– ұйымдар қызметіне қаржылық талдау жүргізу және олардың тиімділігін бағалау;

– компаниялардың инвестициялары мен қаржылық ресурстарын басқаруға қатысу.

Кәсіби қызмет түрлері:

6В04104 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:

• қаржы бөлімшелері мен компаниялардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

• қаржылық үдерістермен және шығындарды бақылаумен байланысты өндірістік-технологиялық қызмет;

• қаржылық жоспарлар, бюджеттер мен болжамдарды әзірлеуді қамтитын есептік-жобалау қызметі;

• ұйымдар мен нарықтардың қаржылық жағдайын бағалауға бағытталған зерттеушілік және аналитикалық қызмет;

• қаржы саласындағы білім беру, консультациялық және әдістемелік қызмет;

• ақша ағындарын, инвестицияларды және қаржылық тәуекелдерді басқаруға байланысты экономикалық қызмет;

• құқықтық қызмет;

• консультациялық қызмет.

Практика базасы:

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Сан Билдинг» ЖШС, «Банк Центркредит» АҚ Ақтөбе филиалы, «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе филиалы, «Best 7» ЖШС, «Master Comm Logistics» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ Ақтөбе филиалы, «Нурбанк» АҚ Ақтөбе филиалы, «Актое ОПС строй» ЖШС, «Forte Bank» АҚ Ақтөбе филиалы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе филиалы, «АктобеЗападСтрой» ЖШС.