Аккредиттеуден өтуі (өткен жылы, өту мерзімі):
2021 жылы «ARQA» Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымының сараптамалық тобының сыртқы бағалау қорытындысы мен Аккредиттеу кеңесі шешімдерінің негізінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті. (Мамандандырылған аккредиттеу 30.12.2021 жылдан 29.12.2026 жылға дейін жарамды, тіркеу нөмірі HE-SA-000230).
Оқу мерзімі:
Күндізгі оқу нысаны: 4 жыл, 3 жыл.
Берілетін дәреже:
6В04105 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.
Даярлау бағыты:
6B041-Бизнес және басқару
Кәсіби қызметінің нысандары:
- мемлекеттік сектордағы: орталық билік органдарындағы, ҚР
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктер мен олардың аймақтық департаменттеріндегі, жергілікті басқару органдарындағы;
- мемлекеттік емес сектордағы: ұлттық компаниялардағы, квазимемлекеттік сектордағы, ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы, қоғамдық ұйымдардағы;
- консалтингтік қызметтегі: мемлекеттік саясат және аймақ дамуы сұрақтарымен айналысатын консалтингтік фирмалардағы;
- экономика салаларындағы: әлеуметтік, қаржы саласындағы ұйымдардағы жұмыстар.
Кәсіби қызметінің пәні:
- кадрларды, жобаларды, бюджетті басқару;
- стратегияны, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды әзірлеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу, аналитика жасау;
- мемлекеттік сатып алумен айналысу, мемлекеттік қызмет көрсету;
- әкімшілік жұмыстарды орындау, құжаттармен және өтініштермен жұмыс жасау.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет;
- басқару қызметі;
- аналитикалық қызмет;
- жобалық қызмет;
- ғылыми-зерттеу қызметі.
Практика базалары:
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» мемлекеттік мекемесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы.