БАСТЫ БЕТ > 7M04101 – ЭКОНОМИКА > 7M04101 – ЭКОНОМИКА

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2021 жылдың желтоқсан айында «ARQA» АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН САРАПТАУ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІнен тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті

(Куәлік 30.12.2021 жылдан 29.12.2026 жылға дейін жарамды, тіркеу нөмірі HE-SA-000226).

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі, 2 жыл

Берілетін дәреже:

7М04101-Экономика білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

Бизнес  және  басқару

Кәсіби қызметінің нысандары:

- республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар, меншік нысандары, қызмет түрі, қатысушыларының санаттары (ҚР резидент және резидент емес) әр түрлі қызметтегі экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және сараптамалық ұйымдар мен кәсіпорындары;

- ғылыми-зерттеу институттары, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім беру мекемелері.

Кәсіби қызметінің пәні:

Саланың немесе жеке кәсіпорынның нақты жағдайларында экономикалық процестерді дамытуға арналған жалпы, жеке және ерекше экономикалық заңдардың іс-қимылдары мен көрініс беру нысандарын, сондай-ақ оңтайлы шығындар кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін резервтерді анықтау жағдайлары мен факторларын зерделеу.

Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастыру – технологиялық қызмет;

- өндірістік-басқарушылық қызмет;

- жобалау қызметі;

- магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі;

- білім беру қызметі;

- аналитикалық;

- кеңес берушілік.

Практика базалары:

«Отбасы банк» АҚ, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»   ММ,  «First Heartland Jusan Bank» АҚ Ақтөбе филиалы, «Қазақстан  мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС, "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ, «ТМ Мұнай» ЖШС және т.б.