Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2025 жылдың маусым айында "Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық Орталығының" тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті
(Куәлік 17.06.2025 жылдан 14.06.2030жылға дейін жарамды, тіркеу нөмірі № HE-SA-00503).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі, 2 жыл
Берілетін дәреже:
7M04102-Менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
Бизнес және басқару
Кәсіби қызметінің нысандары:
- мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, қызмет түрінен, мөлшері мен меншік нышанынан тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар мен фирмалар;
- экономиканың нақтылы секторы, қаржы-банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік;
- оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары;
- индивидуумдар және социумдар.
Кәсіби қызметінің пәні:
Саланың немесе жеке кәсіпорынның нақты жағдайларында экономикалық процестерді дамытуға арналған жалпы, жеке және ерекше экономикалық заңдардың іс-қимылдары мен көрініс беру нысандарын, сондай-ақ оңтайлы шығындар кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін резервтерді анықтау жағдайлары мен факторларын зерделеу.
Кәсіби қызмет түрлері:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ақпараттық-сараптамалық;
- жобалық;
- ғылыми-зерттеушілік;
- білім беру;
- сараптамалық;
- кеңес берушілік.
Практика базалары:
«Отбасы банк» АҚ, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының әкімдіктері, Ақтөбе қаласындағы «СМС груп ГмбХ» филиалы, «СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және т.б.