08/10/2026
Ғылымға арналған ғұмыр: профессор Жайшылық Сартабановтың монографиялары таныстырылды

Жұбанов университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғалымы Жайшылық Алмағанбетұлы Сартабановтың ғылыми монографияларының тұсаукесері өтті. Жайшылық Сартабановтың университеттегі еңбек жолы 60 жылды қамтиды. Осы жылдар ішінде ғалым білім беру мен ғылым саласында жемісті еңбек етіп, математика ғылымының дамуына, ғылыми кадрлар даярлауға және университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосты. Бүгінде профессор – Математика бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы. Іс-шарада сөз сөйлеген Ғылым …

Ары қарай оқу
08/10/2026
Жұбанов студенті – халықаралық олимпиада жеңімпазы

Красноярск қаласында (Ресей Федерациясы) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі VI халықаралық олимпиада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті Айшолпан Аманқосова «Құқықтану» бағыты бойынша І орын иеленді. Халықаралық додаға 45-тен астам елден 700-ге жуық студент қатысты. Қазақстан құрамасы да Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен олимпиадаға қатысып, оның сапына Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиаданың жеңімпаздары енді. Айшолпан Аманқосова — Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстанның 8 …

Ары қарай оқу
08/10/2026
«Қобыланды батыр» жыры: түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы

Жуырда Ақтөбе қаласында «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, ҚР Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Ақтөбе облысының әкімдігі, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық жиынға Қазақстанмен қатар Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей …

Ары қарай оқу
08/10/2026
Бос грант орындарына конкурс нәтижелері анықталды

Бүгін Жұбанов университетінің басшылығы республикалық бюджет есебінен бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерін құттықтады. Конкурс нәтижесінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша GPA көрсеткіші жоғары 31 білім алушы мемлекеттік босаған білім беру грантының иегері атанды. Оның ішінде отызы бакалавриат, біреуі магистратура білім алушысы. Бакалавриат бойынша грант иегерлерінің қатарында Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының 1 студенті де бар. Бос білім беру гранттарын бөлу кезінде білім алушылардың академиялық үлгерімі, GPA көрсеткіші және конкурс талаптарына …

Ары қарай оқу
29/09/2026
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағытында келісімшарт жасалды

«Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша 2027–2030 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасы мен «М. Тәжин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ арасында келісімшарт жасалды. Келісімшарт аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімді жүйесін зерделеу, оның ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу және білім беру …

Ары қарай оқу
28/09/2026
Жұбанов университетінде жаңа оқу жылы жаңа нәтижелермен басталды

Жұбанов университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Басқарма мүшесі – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров жаңа оқу жылының жағымды жаңалықтармен басталғанын атап өтіп, бірқатар профессор-оқытушыға марапаттар мен ғылыми атақтарды растайтын дипломдарды табыстады. Математика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Аспет Қағазбаева Түркі әлемі математикалық қоғамы мен Қазақстан математикалық қоғамының қаулысымен «Математика ғылымын дамытудағы айрықша үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры, PhD Ербол Шабанов пен …

Ары қарай оқу