БАСТЫ БЕТ > МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА > МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

Кафедрада заманауи қондырғылар мен аспаптармен жабдықталған оқу және зерттеу лабораториялары жұмыс жасайды. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары қазіргі химия ғылымының теориялық және іргелі міндеттерін шешуге бағытталған, зерттеу объектісі бейорганикалық, органикалық қосылыстар және композиттер. Әрбір лаборатория арнайы пәндер бойынша заманауи оқу талаптарына сәйкес оқу стендтерімен қамтылған. 

Кафедрада 7 оқу-зертханалық аудитория бар, оның ішінде  үшеуі мамандандырылған  жаңа заманауи қондырғылармен жабдықталған.

 

 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» оқу зертханасы

 

«Химияны оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік зертханасы

 

 «STEM - білім беру» оқу зертханасы 

 

«Органикалық химия» оқу зертханасы 

 

Компьютерлік оқу аудиториясы 

 

«Метрология, стандарттау және сертификаттау» оқу аудиториясы  

 

«Физикалық-химия» оқу зертханасы 

 

«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» оқу зертханасы 810 

 

 Дәрісханалар

Кафедрада ғылыми-педагогикалық жұмыстан басқа, теорияны бекіту мақсатында практикалық жұмыстар да атқарылады.  

Кафедра облыстың және батыс өңірінің жетекші өнеркәсіп орындарымен, атап айтқанда, «Актөбе хром қосылыстар зауыты» АҚ, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» АҚ, «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ, «Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені» АҚ, «ТЭЦ» АҚ, «Нитрохим» ЖШС, «Актөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ, «Ақтөбе мұнай өңдеу» АҚ, «Сагиз-Петролеум» АҚ және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» кәсіпорындарымен студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу мақсатында байланыс орнатқан. 

 Қ. Жұбанов ат. АӨУ «Химия және тағам технологиясы»  кафедрасының «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» ББ бойынша кафедра «Алтын ұя» мейрамханасы,РГП Фитосанитария,«Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС,«Pizza House» ЖШС,ЖК «Манты от Жанат», «BioNan» ИП Каналиева,ЖШС «Inbaker»,ИП «Аймақ» Топатай жартылай фабрикаттары,«МК Корпорация» ,ЖШС «Dina Market»,«Ақтөбе кондитерлік фабрикасы» ИП Сагандыкова А.Н. кәсіпорындарымен де байланыс орнатқан. 

 Қ. Жұбанов ат. АӨУ «Химия және тағам технологиясы»  кафедрасының «6В05302-Химия» мамандығы бойынша Ынтымақтастық туралы меморандум және кафедра филиалдары тізімі: АО «Aqtobe su-energy group»,АО «Актюбинский завод хромовых соединений», АО «Филиал РГП на ПХВ «НЦЭ» КСЭК МЭРКТОО «ALEM SERT», ТОО «Гигиенист VII», ТОО «Eco project Company», ТОО «Лидер Консалтинг», ТОО «Audit Ecology», ТОО «ГидроЭкоРесурс-L»

Сонымен қатар, 6В01504-Химия,6В01514-Химия ІР ББ бойынша практика базасы ретінде  Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының барлық мектептері жатады. Соның ішінде «Новый орта мектеп-лицейі» КММ, 27-ші орта мектеп, Ақтөбе қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, №51, №56, №8, №39, №10 орта мектептері, Д.Қонаев атындағы №60 ЖББО мектеп-гимназия, М.Дулатұлы атындағы №63 мектеп-лицей, Сарыжар ЖОББМ, Бозой ЖОББМ, Шеңбертал ЖББОМ, Бесқоспа орта мектебі, №7 Хромтау мектеп-гимназиясы, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей, Шевченко атындағы №13 орта мектеп, Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия, Сексеуіл кентіндегі №231 орта мектеп және Арал орта мектебі бар. 

 

Педагогикалық практика  - Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау бағыты бойынша 6В01504 - Химия білім беру бағдарламасының білім алушыларын даярлаудың негізгі білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылады. 
Педагогикалық практика Білім беру ұйымдарында өткізіледі. 
Практиканың мазмұны педагогика, психология және мамандыққа сәйкес арнайы әдістемелік пәндеріне байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды. 
Педагогикалық практикада болашақ мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру, оқу материалын түсінікті жеткізу және білім алушылармен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға негізделген әдістемелік және коммуникативтік түсіндіру құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар төмендегі білім ұйымдарынан педагогикалық практидан өтеді:
Ақтөбе қаласы, Ақбөбек халықаралық мектебі, Әл-Фараби атындағы №21 арнайы мамандандырылған мектеп-гимназия, №39 қазақ жалпы білім беретін мектеп-лицей КММ, № 51мектеп- гимназия, №40 жалпы білім беретін орта мектеп КММ, М.Дулатұлы атындағы №63 мектеп-лицей,Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ, № 1 орта мектебі, №12 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі, №55 орта-мектеп гимназия,  №56 жалпы орта білім беретін мектеп КММ, № 80 жалпы білім беретін орта мектеп, М.Құрманғалиева атындағы №32 тұңғыш қазақ гимназиясы, №33 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі, №29 қазақ орта мектеп, №55 орта мектеп-гимназия, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей,  №27 жалпы білім беретін орта мектеп.

                                                                                               

 Студенттердің өндірістік және педагогикалық практикадан өту барысы