
Шифр – мамандықтың атауы:
7М05101-«Биология»
Аккредитациядан өтуі:
7М05101-«Биология» ББ «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» мамандандырылған аккредитациясынан 5 жыл мерзімге аккредитациядан өту сертификатын алды (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж.).

Оқу түрі, оқу мерзімі:
Күндізгі: Ғылыми және педагогикалық бағыты – 2 жыл
Берілетін дәреже:
7М05101-Биология білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Биологияның әр түрлі салаларында теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, шығармашылық әлеуетті, бастаманы және ғылым мен білімдегі жаңашылдығын іске асыратын мамандыққа тез жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Кәсіби қызметінің саласы:
- Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы әр түрлі салалардағы әртүрлі ұйымдастыру деңгейіндегі биологиялық жүйелер;
- Биологиялық табиғатты қорғау технологиялары.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- қорықтар, хайуанаттар паркі, өсімдіктерді қорғау станциялары;
- санитарлық-эпидемиялогиялық және обаға қарсы станциялар;
- жергілікті және облыстық әкімшіліктегі экологиялық басқармалар және бөлімдер;
Кәсіби қызметінің пәні:
- Өсімдіктер мен жануарлар объектілерінің қалыптасу және тіршілік ету заңдылықтарын айқындау;
- Биологиялық табиғатты қорғау технологиялары;
- Білім алушылармен әдістемелік, білім беру, консультациялық жұмыстар.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу;
- өндірістік басқару;
- жобалау;
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Биология», «Экология» кафедрасы, «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы», «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты», “Үстірт мемлекеттік қорығы”, Ақтөбе облыстық “Үлкен Борсық Орман шаруашылығы”, “Фитосанитария” Ақтөбе облыстық филиалы; “Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты” ЖШС-нің Ақтөбе филиалы; Ұлттық сараптама орталығы Ақтөбе облысы бойынша филиалының Байғанин аудандық бөлімшесі; Ақтөбе қаласы ЖШС “Молочные истории-А”; Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы-ММ; “Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы” ММ; “Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы” ММ; ЖШС “Арал филиалы,Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты және т.б.