БАСТЫ БЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Оқу және ғылыми қызметі

Студенттерді оқыту типтік, модульдік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Пәндердің типтік оқу жоспармен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Оқу үрдісінде оқыту әдістері мен жаңа технологиялар, семинарлар, заманауи кітапхана қолданылады.

Қолданыстағы келісімшарттар мен оқу кестесіне сәйкес, кафедраның өндірістік филиалдарында зертханалық сабақтар өткізіледі. Кешенді экологиялық және биологиялық экспедициялар Ақтөбе облысының дала және өзен алқаптарында кешенді экологиялық және биологиялық экспедиция жүргізіледі. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері оқу үрдісінде кеңінен қолданылады. Оқу лабораторияларын одан әрі жаңарту үшін жыл сайын зертханалық жабдықтарға өтінімдер беріледі.

Оқу үрдісін жүзеге асыру барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген электронды оқу-әдістемелік материалдар қолданылады. Кафедрада дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарда қолданылатын экология бойынша слайдтар мен фильмдердің кеңейтілген дерекқоры бар. 

Ғылыми жұмыспен айналысатын кафедраның доценттері мен оқытушылары білім беру үдерісіне белсене араласып, білікті мамандарды даярлауға бағытталған бірыңғай ғылыми-білім беру кешенін құрып жатыр.

Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің мамандарын қатыстыра отырып, қала мен  облыстың экологиялық өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, кездесулер және ғылыми семинарлар өткізіледі.

Кафедрада 4 ғылым кандидаттары, 1 PhD докторы,  4-магистрлер қызмет атқарады, ғылыми дәреже көрсеткіші – 53% құрайды.

Кафедрада оқытушылардың жетекшілігімен 1–4 курс студенттеріне арналған «ЭКОВерты» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді.

Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары «Scopus», «Thomson Reuters» базасына кіретін журналдарға төмендегі жұмыстарды жариялануда:

  • Исенгалиева Г.А. - Assessment of Hydrodynamic Connectivity and Compartmentalization of Petroleum Reservoirs Based on Oil Fingerprinting,Energies, 2026 ж.
  • Исенгалиева Г.А., Алмат С.К., Бакытжанова М.С. - Monkeypox Virus (MPXV) Transmission Dynamics in Neighboring Countries as a Potential Threat to Kazakhstan, Viruses, 2026 ж. 
  • Исенгалиева Г.А. - Integrated environmental monitoring and assessment of anthropogenic impacts on the Ilek River ecosystem, Kazakhstan, Caspian Journal of Environmental Sciences, 2026ж.
  • Исенгалиева Г.А. - Separation of Genetic and Reservoir Controls on Oil Variability Using Integrated Biomarker Analysis and Oil Fingerprinting: ASouth Turgay Basin Case Study, Energies, 2026 ж.
  • Нурмуханова Г.Е. - Experimental treatment of oil-contaminated soil structure using vermiculture, Scientific Review Engineering and Environmental Sciences (2026); 
  • Исенгалиева Г.А. - Environmental assessment of the consequences of bauxite mining in Kazakhstan, Mining Informational and Analytical Bulletin, 2025;
  • Бакытжанова М.С. - Molecular-Genetic Research on Rare Plants. International experience for Biodiversity Conservation, Springer Nature 2025; 
  • Исенгалиева Г.А. - Development and implementation of active and combined support types for sections of mine workings exposed to bearing pressure, Mining of Mineral Depositsthis, 2025; 
  • Алмат С.К. - Мұнай құбырларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында катодтық (электрохимиялық) қорғау станцияларын есептеу, Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2025; 
  • Алмат С.К. - Подбор оборудования для эксплуатационных скважин на месторождении Караганда, ҚазТБУ хабаршысы, маусым, 2025 ж; 
  • Алмат С.К. - Environmental assessment of the consequences of bauxite mining in Kazakhstan, Mining Informational and Analytical Bulletin, 2025;
  • Алмат С.К. - Development and implementation of active and combined support types for sections of mine workings exposed to bearing pressure, Mining of Mineral Depositsthis, 2025; 
  • Исенгалиева Г.А. - Substantiation and selection of parameters for supporting mine workings at deep levels, Mining of Mineral Depositsthis, 2024; 
  • Исенгалиева Г.А. - Study of Groundwater Characteristics in Aktau (Kazakhstan) During Joint Desalination and Decontamination Experiment, Ecologica Montenegrina (2024); 
  • Исенгалиева Г.А. - Energy Efficiency Trends in Petroleum Extraction: A Bibliometric Study, Energies 2024; 
  • Алмат С.К. - Substantiation and selection of parameters for supporting mine workings at deep levels, Mining of Mineral Deposits, 2024; 
  • Алмат С.К. - Energy Efficiency Trends in Petroleum Extraction: A Bibliometric Study, Energies 2024;
  • Алмат С.К. - Study of Groundwater Characteristics in Aktau (Kazakhstan) During Joint Desalination and Decontamination Experiment, Ecologica Montenegrina 2024; 
  • Бакытжанова М.С. - Distribution and morphometric indicators of cenopulations of the rare species Linaria cretacea Fisch. EX Spreng. under the conditions of Aktobe Region, Kazakhstan CJES Volume 22, July 2024; 
  • Нұрмұханова Г.Е., Махамбетов М.Ж. — Development of food wastes utilization technology. News of the national academy of the republic of Kazakhstan/Series of geology and technical sciences ISSN 2224-5278.vol 5/number 425 (2017 ж.);
  • Сарсембин Ү.К. — Investigation and development of the technology for integrated processing of wastes from phosphorous industry. Journal of Chemical Technology and Metallurgy (Scopus), (2018 ж.);
  • Нұрмұханова Г.Е., Махамбетов М.Ж. — Development of food wastes utilization technology. News of the national academy of the republic of Kazakhstan/Series of geology and technical sciences ISSN 2224-5278.vol 5/number 425 (2017 ж.);
  •  Мендыбаев Е.Х. — Geoecological Analysis of Industrial Cities: On the Example of Aktobe Agglomeration. Bulgarian Journal of Science Education.Sofia.  Volume26,Issue 6 890-903. (Scopus) (2017 ж.).
  • Makhambetov M.Zh, Issengaileva G.A, Islamova K.I, Nurmukhanova G.E – Classification of wheat yellow rust populations in the conditions of  Kazakhstan The bulletin ISSN 2518-1467,(online) ISSN 1991-3494 (print)
  • Sh.К. Shapalov, Zh.S.Tileubaeva, A.T.Yermekbayeva,  O.M.Turgenova, G.A. Issengalieva, K. I.Islamova,G.E.Nurmukhanova, D.Baidrakhmanov,  G.F.Sagıtova – Bulletin  of National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan, Volume 1, Number 377 (2019), 263 – 268. Web of science, Classification of wheat yellow rust populations in the conditions of Kazakhstan (puccinia striiformis west., t.tritici eriks.et henn)

Жарық көрген монографиялар:

  • Исенгалиева Г.А. - Мұнай көмірсутектерін күкірт қосылыстарынан тазартудың белсенді адсорбенттерін әзірлеу, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университетінің Ғылыми кеңесінің кезектегі отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды (28.01.2025 ж., № 7 хаттама), Ақтөбе, 2025.-160 б. 
  • Мендыбаев Е.Х. – «Современное состояние и продуктивность растительности  пустынно-степного комплекса Северного Прикаспия»,  Актобе, (2015 г.);
  • Мендыбаев Е.Х. – «Конспект флоры Бурлинского района Западно-Казахстанской области»,  Актобе, (2016 г.);
  • Исламова К.И. – «Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін   қалыптастырудың теориялық- әдістемелік негіздері» (2016 г.).

Оқу құралдары: 

  • Исенгалиева Г.А.- Экологиялық токсикология,Орталық Азияның Экология және қоршаған ортаны қорғау ғылыми зерттеу орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2025 жылдың 28 қарашасындағы кезектегі отырысында мақұлданып, әдістемелік оқу құралы ретінде баспаға ұсынылды. Хаттама № 6, Алматы. «Жания Полиграф баспасы». 2025. – 552 б.
  • Исенгалиева Г.А. - Топырақтың ластануы, Орталық Азияның экология және қоршаған ортаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығының 2024 жылдың 6 тамызындағы Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезектегі отырысында мақұлданып, әдістемелік оқу құралы ретінде баспаға ұсынылды. Хаттама №9. Алматы, 2024. – 458 б. ендыбаев Е.Х. – «Конспект флоры Бурлинского района Западно-Казахстанской области»,  Актобе, (2016 г.);

Авторлық куәлік: 

  • Нурмуханова Г.Е.,Телеуов А.Н.,Тургенова  О.М.,Ташимова А.С.,Алмат С.Қ.-Мұнаймен ластанған топырақты жауын құрттарымен тазалаудың экологиялық ерекшеліктері, Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы, КУӘЛІК, № 55174, 26.02.2025ж, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК;
  • Нурмуханова Г.Е.- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы аймағында экологиялық туризмді дамыту туризмді мүмкіндіктері және оның тиімділігін зерттеу, Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы, КУӘЛІК, № 47843, 25.06.2024ж, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК;
  • Нурмуханова Г.Е.,Исенгалиева Г.А.Гатаулина Г.А.,Тогизбаева А.А.- Су қорғау аймағы экологиялық жағдайының су сапасына әсері (Ақтөбе су қоймасы мысалында), Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы, КУӘЛІК,№ 48111, 03.07.2024ж,ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК;

Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары төмендегі патенттердің авторы болды:

  1. Исенгалиева Г.А. "Мұнай-газ өндіру объектілерінің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін мониторингтеудің геоақпараттық жүйесі", № 13312. 06.11.2026
  2. Исенгалиева Г.А., Надиров Н.К., Низовкин В.М. – Авторлық куәлік «Алюмосиликаттарды активтендіру тәсілі» №17349.
  3. Исенгалиева Г.А., Надиров Н.К., Серіков Т.П. – Авторлық куәлік «Катализатор регенерациясы тәсілі»№17617.

ҚР БҒМ БҒСБК (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті) журналдарында жарияланған ғылыми мақалалар:

  1. Исенгалиева Г.А. - Жасанды интеллект негізінде горизонтальды бағытталған бұрғылау процестерін мониторинг жасау мен оңтайландыру, Горный журнал Казахстана», 2026 жыл, №4 (252), 28–34 беттер;

  2. Алмат С.К. - Реакционные трубы для нефтехимии и нефтепереработки, НЕФТЕХИМИЯ, 2026; 

  3. Исенгалиева Г.А.  - Оценка добычи нефтяных запасов на меторождении Южный Алибек , Журнал «Нефть и газ», 2025 1 (145), стр.98-109;
  4. Исенгалиева Г.А.  - Оңтүстік Әлібекмола кен орнында мұнай өңдіруді қарқындатудың химиялық әдістері,  Журнал «Нефть и газ», 2025, 2 (146), стр.282-290;
  5. Исенгалиева Г.А. - Ecological assessment of the condition of pastures in the Aktobe region,    Вестник КазНУ, Экология сериясы No1(82), 2025, стр.145-154; 
  6. Исенгалиева Г.А. - Адсорбционные свойства карбонатного шлама тэц при очистке сточных вод о  нефтепродуктов,  Журнал «Нефть и газ» -2025, 3 (147), стр.252-261; 
  7. Исенгалиева Г.А. - Подбор оборудования для эксплуатационных скважин на месторождении Караганда,  ҚазТБУ хабаршысы, маусым, 2025 ж. 
  8. Исенгалиева Г.А. - Мұнай құбырларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында катодтық (электрохимиялық) қорғау станцияларын есептеу, Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы.2025, 7 том, №4, 38–46 б.; 
  9. Нурмуханова Г.Е., - Махамбетов М.Ж., Исенгалиева Г.А. - Ақтөбе облысы жайылымдарының жағдайын экологиялық бағалау,  Вестник Национ. университета им.Аль Фараби. Экология сериясы№ 1(82), апрель 2025ж Алматы,Б.145-154.;
  10. Алмат С.К.- Оценка добычи нефтяных запасов на меторождении Южный Алибек    Журнал «Нефть и газ», 2025 1 (145), стр.98-109;
  11.  Алмат С.К. - Оңтүстік Әлібекмола кен орнында мұнай өңдіруді қарқындатудың химиялық әдістері, Журнал «Нефть и газ» -2025, 2 (146), стр.282-290;
  12. Алмат С.К. -  Ecological assessment of the condition of pastures in the Aktobe region,    Вестник КазНУ, Экология сериясы No1(82), 2025, стр.145-154;
  13. Алмат С.К. - Адсорбционные свойства карбонатного шлама тэц при очистке сточных вод о  нефтепродуктов, Журнал «Нефть и газ» -2025, 3 (147), стр.252-261;
  14. Бакытжанова М.С. - Phytochemical and elemental composition of the Linaria cretacea Fisch ex Spreng (Plantaginaceae), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Биологиялық ғылымдар сериясы BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Bioscience series №2(151)/ 2025 169-183p;
  15. Бакытжанова М.С. - Study of the distribution of Linaria cretacea in Kazakhstan and neighboring countries: data from an electronic herbarium. Karaganda Buketov universityFundamental And Experimental Biology. 2025, 30, 3(119)59-68p;
  16. Бакытжанова М.С. - Международный опыт исследований по сохранению биоразнообразия растений. Al-Farabi Kazakh National University Experimental Biology. №3 (104). 2025; 
  17. Исенгалиева Г.А. - Решение проблем экологии с помощью очистки нефти и газа от серосодержащих соединений, ҚазТБУ Хабаршысы - VESTNIK KazUTB - Вестник КазУТБ, № 2 (23) - 2024, Стр. 392-399; 
  18. Исенгалиева Г.А. - Көлбеу және көлденең ұңғымаларды бұрғылау тиімділігін арттыру,     Журнал «Нефть и газ»,  2024 6 (144) Стр. 22-31; 
  19. Исенгалиева Г.А. - Дон тау-кен байыту комбинатындағы жарақаттанудың статистикалық талдауы, Горный журнал Казахстана, №3 (227) 2024; 
  20. Исенгалиева Г.А. - Кен орындарда мұнай өңдіруді қарқындатуға арналған мицеллярлық ерітіндінің қолдану ерекшелітері, Журнал «Нефть и газ». - 2024 6 (144), стр. 64-68
  21. Исенгалиева Г.А. - Химиялық реагенттерді қолдану арқылы қабаттың түп маңы аймағының өткізгіштігін арттыру, Журнал «Нефть и газ».  2024 6 (144) С 180-190, стр. 82-90; 
  22. Исенгалиева Г.А. - Цифрлық трансформация: ұңғыларды бұрғылаудағы жасанды интеллект пен автоматтандыру рөлі    Горный журнал Казахстана, №12 2024 (236), Стр. 41-49;
  23. Исенгалиева Г.А. -  Загрязнение почв бассейна реки Эмба и очистка их от нефтепродуктов,   Горный журнал Казахстана, №11 (235) 2024, стр. 52-56;
  24. Алмат С.К. - Решение проблем экологии с помощью очистки нефти и газа от серосодержащих соединений, ҚазТБУ Хабаршысы - VESTNIK KazUTB - Вестник КазУТБ, № 2 (23) - 2024, Стр. 392-399;
  25. Алмат С.К. - Көлбеу және көлденең ұңғымаларды бұрғылау тиімділігін арттыру, Журнал «Нефть и газ»,  2024 6 (144) Стр. 22-31; 
  26. Алмат С.К. - Дон тау-кен байыту комбинатындағы жарақаттанудың статистикалық талдауы, Горный журнал Казахстана, №3 (227) 2024;
  27. Алмат С.К. - Кен орындарда мұнай өңдіруді қарқындатуға арналған мицеллярлық ерітіндінің қолдану ерекшелітері, Журнал «Нефть и газ». - 2024 6 (144), стр. 64-68;
  28.  Алмат С.К. - Химиялық реагенттерді қолдану арқылы қабаттың түп маңы аймағының өткізгіштігін арттыру, Журнал «Нефть и газ». -  2024 6 (144) С 180-190, стр. 82-90; 
  29. Алмат С.К. - Цифрлық трансформация: ұңғыларды бұрғылаудағы жасанды интеллект пен автоматтандыру рөлі, Горный журнал Казахстана, №12 2024 (236), Стр. 41-49;
  30. Алмат С.К. - Загрязнение почв бассейна реки Эмба и очистка их от нефтепродуктов,    Горный журнал Казахстана, №11 (235) 2024, стр. 52-56; 
  31. Махамбетов М.Ж. – Құмшайшөбі (Helichrysum arenarium (L.) ценопопуляциясының жастық құрылымы  Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей. №2(100), Семей, (2020). С.260-263.
  32. Махамбетов М.Ж.- Ксерофитті өсімдіктердегі су тапшылығының жағдайы, Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей. №2(100), Семей, (2020). С.264-265.
  33. Нурмуханова Г.Е., Махамбетов М.Ж., Гатаулина Г.А., Тогизбаева А.А.- Ақтөбе облысы Ырғыз-Торғай резерватында экотуризмді дамытудың перспективалары (Жаманшың аймағы мысалында) Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей. №2(100), Семей, (2020). С.266-270.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Экология кафедрасының білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында білім алмасу мүмкіндігіне ие. Бұл бағдарлама студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына, басқа оқу орындарының тәжірибесімен танысуына, шет тілдерін меңгеруіне және жаңа мәдени ортада бейімделуіне септігін тигізеді.

Сонымен қатар, біздің университетке шетелдік жоғары оқу орындарынан мамандар шақырылып, студенттерге дәрістер оқиды, ал профессор-оқытушылар құрамы тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттырып, халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Академиялық ұтқырлық — заманауи білім беру жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Экология кафедрасы бұл бағытта серіктес жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан және студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасап келеді.

Магистрантымыз Польшада академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда

Экология білім беру бағдарламасының магистранты Батырбекұлы Сұлтанбек 2 курс магистранты академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша Республикасындағы AGH ғылым және технология университетінде білім алуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2026 жылғы 1 қазаннан 2027 жылғы 19 ақпанға дейін жалғасады. Бағдарлама барысында магистрант шетелдік жоғары оқу орнының дәрістеріне қатысып, заманауи білім беру әдістері және ғылыми-зерттеу бағыттарымен танысуда. Сонымен қатар кәсіби білімін жетілдіріп, шет тілінде білім алу және халықаралық ортада тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болуда.

Бұл бағдарлама магистранттың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге, Польша елінің мәдениетімен танысуға және халықаралық академиялық байланыстар орнатуға ықпал етеді.

Академиялық ұтқырлық – білім алушыларға жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, кәсіби тұрғыдан дамуға және болашақ маман ретінде жан-жақты қалыптасуға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі.

«Экология» кафедрасына шетелдік маманның сапары

2026 жылғы 15–30 қазан аралығында Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің Экология және топырақтану кафедрасының доценті, PhD Б.Т. Курбаниязов «Экология» кафедрасына арнайы сапармен келді.

Сапардың негізгі мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайту, экология және топырақтану салалары бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.

Шетелдік маманның сапары кафедра оқытушылары мен білім алушыларына кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және алдағы бірлескен жобалардың бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Кафедрада студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі:

2025–2026 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Жаратылыстану факультетінің Экология білім беру бағдарламасының білім алушылары халықаралық тәжірибе жинақтау мақсатында Түркия, Грузия және Қытай елдерінде білім алды.

1. Мусин Адиль Асылханович - 6B05201- Экология ББ 2 курс білім алушысы, Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті, Грузия 

2. Мусин Адиль Асылханович - 6B05201- Экология ББ 2 курс білім алушысы, Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті, Грузия;

3. Хасенова Сарбиназ Мұратқызы - 6B05201- Экология ББ 3 курс білім алушысы, Мармара университеті, Түркия

4. Каратаева Жансая Медетовна - 6B05201- Экология ББ 3 курс білім алушысы, Синцзянь қаржы экономикалық университеті, Қытай

2025-2026 оқу жылында келесі білім алушылар Қазақстанның серіктес ЖОО  білімдерін жетілдірді:

 

Аманкелдиева Назерке Базарбайқызы

6B05201- Экология, 3 курс

қаз.

Мемлекеттік грант

3.16

Алматы технологиялық университеті

Искаирова Алуа

6B05201- Экология, 2 курс

орыс

Мемлекеттік грант

3.22

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Поснова Мария

6B05201- Экология, 2 курс

орыс

Мемлекеттік грант

3.06

Алматы технологиялық университеті

Қайырбекқызы Фатима

6B05201 – Экология, 2 курс

орыс

Мемлекеттік грант 

2.96

Алматы технологиялық университеті

Деливерова Карина

6B05201 – Экология, 2 курс

орыс

Мемлекеттік грант 

3,07

Алматы технологиялық университеті

Такина Адема Арыстановна

6B05201 -

Экология, 2 курс

қаз.

Мемлекеттік грант 

3.16 

Алматы технологиялық университеті

Вороновская Виктория Леонидовна

6B05201- Экология, 3 курс

орыс

Мемлекеттік грант

3.34

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылында Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарынан келген келесі білім алушылар университетімізде білім алып, кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдірді:

1. Жылқыайдар Гүлім Нұрланқызы - 6B05201- Экология ББ 2 курс білім алушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен келді

2. Шынтас Айбын Дәулетұлы - 6B05201- Экология ББ 2 курс білім алушысы, Жаңгір хан атындағы БҚАТУ-дан

3. Бисенгалиев Батырхан Амангельдиевич - 6B05201- Экология ББ 2 курс білім алушысы, Жаңгір хан атындағы БҚАТУ-дан

4. Жолдыбай Шаттық Қонақбайқызы - 6B05201- Экология ББ 2 курс білім алушысы, Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінен

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушылар қабылдаушы университеттердің академиялық ортасымен, білім беру жүйесімен, оқу жоспарларымен және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен жан-жақты танысты. Бағдарлама барысында олар жетекші профессор-оқытушылар құрамының дәрістеріне қатысып, заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтардың жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл өз кезегінде олардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеруге ықпал етті.

Сонымен қатар, білім алушылар қабылдаушы елдердің тарихи-мәдени мұраларымен танысып, көрнекті мәдени және сәулет ескерткіштеріне экскурсиялар жасады. Мұндай іс-шаралар олардың дүниетанымын кеңейтіп, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға, түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, халықаралық академиялық ортада тәжірибе алмасуына жол ашты. Бағдарлама нәтижесінде олар жаңа білім мен тәжірибе жинақтап қана қоймай, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан дамуға, шет тілдерін меңгеру деңгейін жетілдіруге және болашақ мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Жинақталған білім мен тәжірибе олардың болашақта ғылым, білім және кәсіби қызмет салаларында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына, сондай-ақ инновациялық идеялар мен жобаларды жүзеге асыруына берік негіз болады.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша:

  • 2016-2017 оқу жж. – 5В060800-«Экология» мамандығында Алматы техникалық университетінің 2 курс студенті Ақжігітов Н.;
  • 2017-2018 оқу жж. – 5В060800-«Экология» мамандығында Х.Досмухамед ат. Атырау мемлекеттік университетінің жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің 3 курс студенті Текеева А.А.;

2018-2019 оқу жж.:

  • 1 курс студенті Жүсүпова А. – Алматы техникалық  университетінде;
  • 3 курс студенті Ержанова А. –  С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінде;
  • 3 курс студенттері Шалқарбаева Г., Нишанова С., Хамитова С., Тулегенова Д. –  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде.

2019-2020 оқу жж.:

  • 3 курс студенттері Байзол А. және Қуанышбаева М. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде;
  • 3 курс студенті Амангелды Р. – С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінде.
  • 4 курс студенті Имашева Эмилия Орал қаласындағы,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыды

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша:

  • 2017-2018 оқу жылы 3 курс студенті Қалмағамбетова Л. – Каунас (Литва) қаласы Витаутос Магнус университеті;
  • 2017-2018 оқу  жылы 3 курс студенті Жұмабай Қ. –  ҚХР  Синцзян Қаржы экономикалық университеті;
  • 2017-2018 оқу жылы 3 курс студенті Исмагулова Л. – ҚХР Урумчи, Шанхай, Ханьчжоу қалаларына жазғы тілдік лагерьге оқытылды.
  • 2019-2020ж оқу жылында 1 курс магистранты Ғұбайдоллина Жансая Нариманқызы Сакарья қаласында, Сакарья университетінде оқыды

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ МАМАНДЫҚҚА ҚАЖЕТТІ МАҢЫЗДЫ БІР БӨЛІМІ

Экология ғылымын меңгере отырып, студент теориялық білімдермен қатар, өз мамандығының шебері болуға мүмкіндік беретін тәжірибелік ептілікке де үйренуі қажет. Осы мақсатта өндірістік практиканың маңызы зор. Өндірістік практиканың мақсаты студенттердің кәсіби дайындығының сапасын жақсарту болып табылады.

Өндірістік практиканы келесідей мекемелерде жүргізуге болады:

  • Қаланың базалық өндіріс орындары,
  • Экологиялық департамент;
  • Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мекемелер,
  • Ғылыми зерттеу институттары мен орталықтары, зертханалар, және т.б.
  • Өндірістік практиканың барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдіс тәсілдер, ластағыштардың шығарылу мөлшерін есептеу,  ластанудың алдын алу, шектеулерді есептеу және т.б. жұмыстар атқарылады. 

Өндірістік практиканың мақсаты:

  • Студенттердің оқу барысындағы теориялық білімдерін нығайту және тереңдету;
  • Болашақ  маманның  кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;

Міндеттері:

  • Болашақ мамандығына тұрақты қызығушылығын арттыру ;
  • Кәсіби іс әрекетіне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру;
  • Негізгі пәндер бойынша алған білімдерін іс жүзіне асыру дағдысын қалыптастыру;
  • Өз жұмысын ғылыми негізде жаңа технологияларды қолдану арқылы ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

Экология кафедрасының өндірістік мекемелермен байланысы және оның маңызы

Экология кафедрасының өндірістік мекемелермен тығыз байланысы студенттердің кәсіби дайындығын жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Бұл байланыс оқу процесін практикамен ұштастырып, студенттерге өз білімдерін нақты жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Өндірістік мекемелермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосады. Сонымен қатар, мұндай серіктестік түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырып, кәсіби бағыт-бағдарын нақтылауға септігін тигізеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары

Экология кафедрасы мен серіктес мекемелер арасында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселелерді қамтиды.

Кафедра филиалдарында тәжірибе жүргізу, өндірістік практика және оқыту базасын ұйымдастыру

Экология кафедрасының филиалдары студенттердің тәжірибе жүргізуіне, өндірістік практикадан өтуіне және оқыту базасын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл базаларда студенттер теориялық білімін практикада қолданады және кәсіби дағдыларын дамытады.

Кафедра филиалдары және басқа да өндірістік мекемелер Экология мамандығының студенттеріне қонақдәрістер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады.

ШЕТЕЛДІК МАМАННЫҢ УНИВЕРСИТЕТКЕ КЕЛУІ

2024 жылдың 28 қазан - 9 қараша аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультетінің Баламалы энергия көздері ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты С.В. Киселева «Экология» кафедрасына келді. Оның келуі барысында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін дәрістер мен семинарлар өткізілді, сондай-ақ, тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Бұл шара кафедраның халықаралық академиялық байланыстарын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосты.

2024 жылдың 30 сәуірі мен 12 мамыры аралығында біздің оқу орнымызға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Сакарья университетінен профессор Ахмет Челеби келді.

Сапар барысында профессор Ахмет Челеби экология саласына қатысты бірқатар дәрістер оқыды, тәжірибе алмасты және студенттермен, оқытушылармен ғылыми-танымдық кездесулер өткізді. Бұл іс-шара білім алушылардың халықаралық ғылыми ортаға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етті.

Профессордың келуі университетіміздің халықаралық байланыстарын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ШЫҒУЫ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алушылар шет елдерге барып, білім алу, тәжірибе жинақтау және кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие. Бұл бағдарлама халықаралық тәжірибемен алмасуға, шетелдік жоғары оқу орындарының оқу жүйесімен танысуға және академиялық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.

2024 жылы 6В05201 – Экология білім бағдарламасының 3 курс студенті Бектасова Томирис Саматовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университетінде (Грузия) білім алды. Бағдарлама барысында Томирис шетелдік оқу орнының білім беру процесімен танысып, кәсіби тәжірибе жинақтады және халықаралық академиялық ортада экологиялық мәселелер бойынша білімін тереңдетті.

2024 жылы 6В05201 – Экология білім бағдарламасының студенттері Абилкасова Сабина мен Айткалиева Айдана академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Памуккале университетінде (Түркия Республикасы, Денизли қаласы) білім алды. Бағдарлама шеңберінде студенттер шетелдік жоғары оқу орнының оқу үрдісімен танысып, кәсіби және академиялық дағдыларын жетілдірді.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУЫ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алушылар Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарында білім алып, кәсіби және академиялық тәжірибесін арттыруда. Бұл тәжірибе білім беру сапасын арттыруға, өзге өңірлердегі ЖОО-лармен байланыс орнатуға және болашақ мамандардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Сыдыкова Зарина С., 6В05201 – "Экология" білім б бағдарламасының 2-курс студенті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алды.

Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі бұл тәжірибе білім алушылардың кәсіби және академиялық дағдыларын дамытуға, өзге жоғары оқу орындарының оқу үдерісімен танысуына және ғылыми көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сәкебаева Аружан Сағитжанқызы, 6В05201 – "Экология" білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде білім алды.

Алматы технологиялық университетімен серіктестік

Біздің университет пен Алматы технологиялық университеті арасында ресми серіктестік орнаған. Бұл серіктестік аясында білім алушылардың өзара алмасуы белсенді түрде жүзеге асырылады. Студенттер академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларына қатысу арқылы кәсіби дағдыларын жетілдіруге мол мүмкіндік алуда. Бұл ынтымақтастық екі жақтың да білім беру сапасын арттыруға және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.

«6В05201 – Экология» білім бағдарламасының білім алушыларының ЖШС «Ақтөбе рельс-арқалық зауытына» экскурсиясы

 

2025–2026 оқу жылындағы эколог-студенттердің практикалық дайындық қорытындылары

2025–2026 оқу жылында Жаратылыстану факультеті экология кафедрасының «6В05201 Экология» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңі — оқу-далалық және өндірістік практикадан өтті.

Практикалық дайындық болашақ мамандарға дәріс аудиторияларының шеңберінен шығуға, теориялық білімдерін бекітуге және өңірдің жетекші кәсіпорындары, экологиялық компаниялары мен бейінді ведомстводары базасында негізгі кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді:

  • «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ (2-курс): Студенттер экологиялық зертхананың құрылымымен және жұмысымен танысып, заманауи талдау құралдарын зерделеді және теориялық білімді бекіту үшін қоршаған орта объектілерін зерттеу әдістерін меңгерді.
  • «АСУ-ЭКО» ЖШС (4-курс): Түлектер мамандардың жетекшілігімен экологиялық жобаларды әзірлеудің және кәсіпорынның жобалық құжаттамасын жүргізудің ерекшеліктерімен танысты.
  • «Инжгеосистем» ЖШС (4-курс): Студенттер геодезиялық және геологиялық ізденістер жүргізу принциптерін меңгерді, кәсіби жабдықтармен (нивелир, тахеометр) жұмыс істеуді, топографиялық түсірілім жасауды және карталар мен жоспарлар құру үшін алынған деректерді компьютерде өңдеуді үйренді.
  • «Audit Ecology» компаниясы (4-курс): Практиканттар экологиялық мониторинг және қоршаған ортаға әсерді бағалау негіздерін үйренді. Олар ауа, су және топырақ сынамаларын алу, зертханалық талдаулар жүргізу дағдыларын бекітті, сондай-ақ «ЭРА» мамандандырылған бағдарламасында ластаушы заттардың таралуын модельдеуді меңгерді.
  • «ГидроЭкоРесурс-L» ЖШС (2, 3 және 4-курстар): Студенттер табиғат қорғау құжаттамасын (соның ішінде ШРТ (ПДВ) және ШЖТ (ПДС) нормативтерінің жобаларын) әзірлеу, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу және өндірістік экологиялық бақылау процестерін зерделеді. Зертхананда олар ағынды сулар мен ауа құрамын талдауға арналған заманауи жабдықтарды меңгерді.
  • «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» МТР (3-курс): Кафедра филиалының базасында студент қорық ісі саласында практикалық жұмыс тәжірибесін алып, биоалуантүрлілікті сақтау және қорғалатын табиғи аумақтарды басқару әдістерін үйренді.
  • Оқу-далалық практика: университет аумағы және Қарғалы өзенінің жайылмасы (1-курс): Бірінші курс студенттері далалық жағдайда бейімделу практикасынан өтті. Жағалауда дендрологиялық мониторинг және флористикалық зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ Қарғалы өзеніндегі антропогендік жүктеме мен эрозиялық процестерге алғашқы визуалды бағалау жасалды.

Негізгі мемлекеттік ведомстволар мен жеке экологиялық компаниялар базасында практикадан өту студенттерге теориялық негізді бекітіп қана қоймай, сонымен қатар күрделі зертханалық және геодезиялық жабдықтармен жұмыс істеуден бастап цифрлық ортада модельдеуге дейінгі озық технологияларды меңгеруге мүмкіндік берді.

Қорытынды конференцияда есептердің сәтті қорғалуы практика бағдарламаларының жүз пайыз меңгерілгенін дәлелдеді. Бұл тәжірибе білім сабақтастығын қамтамасыз етеді, еңбек нарығында эколог-түлектердің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады және жұмыс берушілердің заманауи талаптарына жауап беретін білікті кадрларды даярлауда кафедра филиалдарының маңызды рөлін растайды.

 

«ЭКОВЕРТТЕР» ҒЫЛЫМИ КЛУБЫ

«ЭКОверттер» студенттік ғылыми үйірмесі 2022 жылы экология кафедрасының жанында құрылды.

  • Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.А. Исенгалиева.
  • Студент-құрылтайшылар («6В05201-Экология» БББ): М.А. Зимакова, А.А. Кубеева, Т.А. Сивакова, А.С. Брыкалова.

Үйірменің мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, жастарға экологиялық білім беру, жасыл стартаптарды жүзеге асыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Даму хроникасы мен негізгі жетістіктері

Үйірме қызметі терең ғылыми жұмыс пен практикалық экологиялық бастамаларды ұштастырады. Құрылған күннен бастап «ЭКОверттер» мүшелері өзекті экологиялық мәселелерге арналған 15-тен астам ғылыми мақала жариялады.

2023 жыл: Алғашқы қадамдар

Үйірме мүшелері тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу әдістерін зерттеуге және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға бағытталған «Тоқыма қалдықтарын қайта пайдалану» жобасын іске қосты. Университетшілік байқаудың қорытындысы бойынша бұл жоба III орынға ие болды. Осы кезеңде студенттер тұрақты даму мәселелері бойынша ғылыми іс-шаралар мен ағартушылық кездесулерге белсенді қатыса бастады.

2024 жыл: Республикалық деңгейге шығу

  • Ғылыми жарияланым: Г.А. Исенгалиеваның жетекшілігімен Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналған ғылыми мақала дайындалды.
  • Жобаның танылуы: Тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу жобасы Студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) байқауында ұсынылып, үйірме командасы (М. Зимакова, А. Брыкалова, Т. Сивакова) III орынды иеленді.
  • Әлеуметтік белсенділік: Клуб мүшелері кітап алмасу (Book Sharing) акцияларын бастап, «ПРОКЛИМАТ» халықаралық экологиялық квестіне қатысты.

2025 жыл: Жоғары нәтижелілік кезеңі

Бұл жыл марапаттар мен жарияланымдарға өте бай болды:

  • Ғылым саласындағы жетістік: Студенттердің «Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу. Қайта өңделген органикалық қалдықтардан биогумус алу» атты маңызды мақаласы Endless Light in Science халықаралық орталығында және «In the World of Science and Education» ғылыми-практикалық журналында жарық көрді.
  • Стартаптардың жетістігі:
    • Материалдарды қайта пайдалану қағидаттарына негізделген «Экошамдар» жобасы экологиялық жобалар байқауында III орынды иеленді.
    • «ПЭТ-пластикті қайта өңдеу» жобасы «Таза қалам – Ақтөбе» эко-стартаптар байқауында үздік деп танылып, I орынға ие болды.
  • Олимпиадалар мен форумдар: Үйірме командасы Астана қаласында өткен «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада III орынды иеленді және «Орталық Азия, Ауғанстан және Моңғолиядағы Тұрақты даму мақсаттары» студенттік олимпиадасының Ұлттық кезеңінде жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Студенттер «Таза Қазақстан» форумдарында, сондай-ақ Алматы және Ақтау қалаларындағы көшпелі алаңдарда тәжірибе алмасты.

2026 жыл: Жаңа көкжиектер

Клуб пікірталас және білім беру форматтарын дамытуды жалғастыруда:

  • Үйірме жұмысы аясында «Климаттың өзгеруі және оның салдары» тақырыбында ашық пікірталас форматында отырыс өтіп, студенттер жаһандық экологиялық қатерлерді талқылады.
  • 2026 жылғы 31 наурызда «6В05201-Экология» мамандығының 4-курс студенттері М. Зимакова мен А. Кубеева №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына арналған интерактивті эко-сабақ өткізіп, қалдықтарды сұрыптау мен жауапты тұтынудың маңызын түсіндірді.

Клуб зерттеулерінің негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта «ЭКОверттер» бес негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:

  1. Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу және биогумус алу технологиялары.
  2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (тоқыма, ПЭТ-пластик) қайта пайдалану.
  3. Заманауи экологиялық технологиялар және тұрақты даму қағидаттарын (ТДМ) енгізу.
  4. Жастарға экологиялық білім беру және мектеп оқушыларымен жұмыс (Ақтөбе қ. экологиялық лагерімен бірлесіп).
  5. Аумақтарды абаттандыру үшін Экология департаментімен бірлесіп практикалық акциялар мен сенбіліктер өткізу.

Бүгінгі таңда «ЭКОверттер» — бұл жай ғана үйірме емес, өз аймағының экологиялық мәдениетін өзгертіп жатқан жастар ғылымы мен жасыл бастамалардың толыққанды орталығы.