
Шифр-мамандықтың атауы:
«6В05201 – Экология»
Аккредитациядан өтуі:
6В05201 – «Экология» ББ «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж).

Оқу түрі, оқу мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
ББ Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи білімдермен, қазіргі заманғы өзгерістерге тиімді түрде бейімделе алатын, көшбасшылық, басқару, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі тану дағдыларын игере алатын бәсекеге қабілетті экологтарды дайындау.
Берілетін дәреже: «6В05201 – Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры.
Кәсіби қызмет саласы:
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік ұйымдарда, биосфералық резерваттар мен қорықтарда, өндірістік және экологиялық кәсіпорындарда;
- Аграрлық-өнеркәсіптік кешенде, полигондарда, энергетика нысандарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында;
- Сондай-ақ, институттарда эколог-талдаушы, сарапшы немесе эколог ретінде жұмыс істей алады.
Кәсіби қызмет объектілері:
- Қоршаған ортаны қорғау бойынша аумақтық басқармалар, ұлттық парктер, қорықтар, табиғат заказниктері, зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар, биосфералық резервтер, жер үсті, су және урбанизацияланған экожүйелер;
- Өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- Агроөнеркәсіптік кешендер, полигондар, білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.
Кәсіби қызметінің пәні:
- Табиғи экожүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын зерттеу және бұзылған аумақтарды қалпына келтіру: атмосфералық ауа, су ортасы, топырақ жамылғысы, өсімдік және жануарлар әлемі, адам денсаулығының сапасын бағалау, болжамдық модельдер құрастыру;
- Жалпы, жекелеген және нақты экономикалық заңдардың әрекеттері мен көрініс формаларын зерттеу, саланың немесе жекелеген кәсіпорынның нақты жағдайларындағы экономикалық үдерістердің дамуын талдау;
- Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы шығындар жағдайында резервтерді анықтау шарттары мен факторларын зерттеу.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Ғылыми-зерттеу;
- Ұйымдастыру-басқару;
- Табиғатты қорғау;
- Өндірістік-технологиялық;
- Эксперименталды-зерттеу;
- Жобалау.
Практика базалары:
«ГидроЭкоРесурс - L» ЖШС, «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Jasylmeken» ЖШС, «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ, «Әлия және Ко» ЖШС, «Асу ЭКО» ЖШС, «Audit Ecology» ЖШС және т.б.«АСУ ЭКО» ЖШС және т.б.