Оқу және ғылыми қызметі
Студенттерді оқыту типтік, модульдік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Пәндердің типтік оқу жоспармен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Оқу үрдісінде оқыту әдістері мен жаңа технологиялар, семинарлар, заманауи кітапхана қолданылады.
Қолданыстағы келісімшарттар мен оқу кестесіне сәйкес, кафедраның өндірістік филиалдарында зертханалық сабақтар өткізіледі. Кешенді экологиялық және биологиялық экспедициялар Ақтөбе облысының дала және өзен алқаптарында кешенді экологиялық және биологиялық экспедиция жүргізіледі. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері оқу үрдісінде кеңінен қолданылады. Оқу лабораторияларын одан әрі жаңарту үшін жыл сайын зертханалық жабдықтарға өтінімдер беріледі.
Оқу үрдісін жүзеге асыру барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген электронды оқу-әдістемелік материалдар қолданылады. Кафедрада дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарда қолданылатын экология бойынша слайдтар мен фильмдердің кеңейтілген дерекқоры бар. «Экология және тұрақты даму» пәнін оқытуда қолданылатын «E-Learning» жаңа білім беру технологиясы қолданылады.
Ғылыми жұмыспен айналысатын кафедраның доценттері мен оқытушылары білім беру үдерісіне белсене араласып, білікті мамандарды даярлауға бағытталған бірыңғай ғылыми-білім беру кешенін құрып жатыр.
Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің мамандарын қатыстыра отырып, қала мен облыстың экологиялық өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, кездесулер және ғылыми семинарлар өткізіледі.
Кафедрада 6 ғылым кандидаттары, 2 PhD докторы, 6-магистрлер қызмет атқарады, ғылыми дәреже көрсеткіші – 53% құрайды.
На кафедре ведется работы научных кружков для студентов 1-4 курсов – «ЭКО+» под руководством преподавателей кафедры.
Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары «Scopus», «Thomson Reuters» базасына кіретін журналдарға төмендегі жұмыстарды жариялануда:
- Исенгалиева Г.А. — «Removal of sulfur-containing compounds from gas and oil and analysis of desulfurization waste», Impact Factor (JCC): 3.0965; IC value (Index Copernicus): 3.0), «International journal of ecology» (2014 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. — Landscape and geochemical features of man-made pollution zones of Aktobe Geochemical researches of region soil with technogenic influence in terms of Borlinskiy region, west Kazakhstan. Oxidation Communications 38.- Bulgaria, 2015.- No 4.- P.1933-1941. (ThomsonReuters ,Scopus) (2015 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. — Geosystems Geoecological Assessment of the Basin of Rivers for Tourist Valorization. Case Study of Ilek River Basin. GeoJournal of Tourism and Geosites.- Romania, 2016.- ISSN 2065-0817.- E-ISSN 2065-1198.- No. 2.- vol. 18.- P. 187-195. (Scopus) (2015 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. — Geosystems Geoecological Assessment of the Basin of Rivers for Tourist Valorization. Case Study of Ilek River Basin, GeoJournal of Tourism and Geosites.- Romania (2016 ж.);
- Қойшыгулова Г.У. — On the Issue of Drawing up a Noise Map of the City Aktobes Model. Current Science, VOL.112, NO.6, 25 March 2017, Thomson Reuters (2017 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. — Assessment of hydrogeoecological features of the Yesil River Basin.( ThomsonReuters). Journal of Environmental Biology.-India. ISSN 0254-8704(Print). ISSN 2394-0379(Online).September, 2017.Vol. 38.-P. 1115-1120 (2017 ж.);
- Сарсембин Ү.К. — Investigation and development of the technology for integrated processing of wastes from phosphorous industry. Journal of Chemical Technology and Metallurgy (Scopus), (2018 ж.);
- Нұрмұханова Г.Е., Махамбетов М.Ж. — Development of food wastes utilization technology. News of the national academy of the republic of Kazakhstan/Series of geology and technical sciences ISSN 2224-5278.vol 5/number 425 (2017 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. — Geoecological Analysis of Industrial Cities: On the Example of Aktobe Agglomeration. Bulgarian Journal of Science Education.Sofia. Volume26,Issue 6 890-903. (Scopus) (2017 ж.).
- Makhambetov M.Zh, Issengaileva G.A, Islamova K.I, Nurmukhanova G.E – Classification of wheat yellow rust populations in the conditions of Kazakhstan The bulletin ISSN 2518-1467,(online) ISSN 1991-3494 (print)
- Sh.К. Shapalov, Zh.S.Tileubaeva, A.T.Yermekbayeva, O.M.Turgenova, G.A. Issengalieva, K. I.Islamova,G.E.Nurmukhanova, D.Baidrakhmanov, G.F.Sagıtova – Bulletin of National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan, Volume 1, Number 377 (2019), 263 – 268. Web of science, Classification of wheat yellow rust populations in the conditions of Kazakhstan (puccinia striiformis west., t.tritici eriks.et henn)
Жарық көрген монографиялар:
- Мендыбаев Е.Х. – «Современное состояние и продуктивность растительности пустынно – степного комплекса Северного Прикаспия», Ақтөбе (2015 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. – «Конспект флоры Бурлинского района Западно-Казахстанской области», Ақтөбе (2016 ж.);
- Исламова К.И. – «Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық- әдістемелік негіздері» (2016 ж.).
Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары төмендегі патенттердің авторы болды:
- Исенгалиева Г.А., Надиров Н.К., Низовкин В.М. – Авторлық куәлік «Алюмосиликаттарды активтендіру тәсілі» №17349.
- Исенгалиева Г.А., Надиров Н.К., Серіков Т.П. – Авторлық куәлік «Катализатор регенерациясы тәсілі»
- Авторлық куәлігі № 4109. «Экология және тұрақты даму» электронды оқу құрал, Исламова К.И, Ташимова А.С, Алмат С.Қ, Даулетбаева С.С. 2019ж
- Авторлық куәлігі № 5035. «Карта особо охраняемых природных территорий, памятников природы Актюбинской области» Мендыбаев Е.Х, Атаева Г.М, Берденов Ж.Г, Калмагамбетова Л. М. 2019ж
- Авторлық куәлігі № 9617. «Почвоведение» электронды кітап, Мендыбаев Е.Х, Сарсенбин У.К, Бекбаулина Н.С. 2019ж
ҚР БҒМ БҒСБК (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті) журналдарында жарияланған ғылыми мақалалар:
- Исенгалиева Г.А., Исламова К.И., Нұрмұханова Г.Е. – «Решение экологических проблем посредством очистки нефтяного серосодержащего сырья», «Поиск» Халықаралық ғылыми журналы, ISSN 1560-1730 (2015 ж.);
- Базарбаева С.М. – «Исследование возможности повторной переработки шламовых хвостов месторождения «Восход»», Халықаралық ғылыми журналы, ІSSN 1560-1749. (2015 ж.);
- Бекбаулина Н.С., Гатаулина Г.А. – «Воздействие промышленных объектов на почву на примере Актюбинского завода ферросплавов», «Поиск» Халықаралық ғылыми журналы, ISSN 1560-1730 (2015 ж.);
- Тургенова О.М., Исламова К.И. – «Қоршаған ортаға құрылыс материалдары өнеркәсіп орындарынан келіп түсетін эмиссиялар мониторингінің нәтижелері», «Поиск» Халықаралық ғылыми журналы, ISSN 1560-1730 (2015 ж.);
- Исенгалиева Г.А. – «Мұнай- газ өнеркәсібіндегі күкірт қосылыстарының атмосфералық ауаға әсері». Қазақстан жоғары мектебі, ISSN 1560-1749. (2015 ж.);
- Калиева А.Ш., Исламова К.И. — «Ақтөбе облысының ерекше қорғауға алынған жерасты суы». Қазақстан жоғары мектебі, ISSN 1560-1749. (2015 ж.);
- Нұрмұханова Г.Е. – «Темір ауданындағы мұнай кен орындарының қоршаған ортаға әсері». «Поиск» Халықаралық ғылыми журналы, (2016 ж.);
- Нұрмұханова Г.Е. – «Каспий тағдыры-халық тағдыры», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының Хабаршысы том3 №4,(77), (2016 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. – «Современное состояние биогеоценозов Северного Казахстана». Қ.Сәтпаев ат. Қазақ ұлттық техникалық университетінің хабаршысы. – УДК502.- № 3(115), (2016 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. – «Ландшафтно-экологический анализ геосистем Северного Казахстана». Гидрометеорология және экологиялық ғылыми-техникалық журнал. – ISSN2079-6161.- УДК502.05.- № 1.- С.123-128, (2016 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. – «Геохимический анализ компонентов природной среды в окрестностяхбывшего химического завода имени Кирова (Алгинский р. Актюбинской обл.)», Гидрометеорология және экологиялық ғылыми-техникалық журнал. – ISSN2079-6161.- УДК502.05.- № 4.- С.119-124, (2016 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. – «Влияние экологических факторов на продуктивность растительности пустынных степей западного Казахстана». Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің хабаршысы. – Семей, – №1 (77). — С.162-166, (2017 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. – «Ландшафтно-геохимический анализ промышленности». Қ.Сәтпаев ат. Қазақ ұлттық техникалық университетінің хабаршысы. – Алматы, – УДК911.5.- №1(119), (2017 ж.);
- Исламова К.И. – «Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері». Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы ІІ-бөлім, №5(120), 124-1286 (2018 ж.);
- Исламова К.И. – «Development and disearses of wheat rust in the conditions of kazakhstan south-east». News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. of the Institute of Plant Biology and Biotechnology Series of biology and medicine. Volume 2, Number 326. (2018 ж.);
- Исламова К.И., Исенгалиева Г.А., Нурмуханова Г.Е. – «Развитие болезней листовой ржавчины пшеницы». Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институтының жаңалықтары. Биологиялық медицина бөлімі. №2 (326). (2018 ж.);
- Тургенова О.М. – Изучение устойчивости сортов озимой пшеницы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институтының жаңалықтары. Биологиялық медицина бөлімі. №2 (326), (2018 ж.);
- Мендыбаев Е.Х. – Вестник КазНИТУ Характеристика почвенного покрова современной дельты реки жайык (Урал)(2019)
- Махамбетов М.Ж. – Құмшайшөбі (Helichrysum arenarium (L.) ценопопуляциясының жастық құрылымы Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей. №2(100), Семей, (2020). С.260-263.
- Махамбетов М.Ж.- Ксерофитті өсімдіктердегі су тапшылығының жағдайы, Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей. №2(100), Семей, (2020). С.264-265.
- Нурмуханова Г.Е., Махамбетов М.Ж., Гатаулина Г.А., Тогизбаева А.А.- Ақтөбе облысы Ырғыз-Торғай резерватында экотуризмді дамытудың перспективалары (Жаманшың аймағы мысалында) Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей. №2(100), Семей, (2020). С.266-270.
Кафедрада студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі.
Төмендегі студенттеракадемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқудан өтті:
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша:
- 2016-2017 оқу жж. – 5В060800-«Экология» мамандығында Алматы техникалық университетінің 2 курс студенті Ақжігітов Н.;
- 2017-2018 оқу жж. – 5В060800-«Экология» мамандығында Х.Досмухамед ат. Атырау мемлекеттік университетінің жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің 3 курс студенті Текеева А.А.;
2018-2019 оқу жж.:
- 1 курс студенті Жүсүпова А. – Алматы техникалық университетінде;
- 3 курс студенті Ержанова А. – С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінде;
- 3 курс студенттері Шалқарбаева Г., Нишанова С., Хамитова С., Тулегенова Д. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде.
2019-2020 оқу жж.:
- 3 курс студенттері Байзол А. және Қуанышбаева М. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде;
- 3 курс студенті Амангелды Р. – С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінде.
- 4 курс студенті Имашева Эмилия Орал қаласындағы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыды
Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша:
- 2017-2018 оқу жылы 3 курс студенті Қалмағамбетова Л. – Каунас (Литва) қаласы Витаутос Магнус университеті;
- 2017-2018 оқу жылы 3 курс студенті Жұмабай Қ. – ҚХР Синцзян Қаржы экономикалық университеті;
- 2017-2018 оқу жылы 3 курс студенті Исмагулова Л. – ҚХР Урумчи, Шанхай, Ханьчжоу қалаларына жазғы тілдік лагерьге оқытылды.
- 2019-2020ж оқу жылында 1 курс магистранты Ғұбайдоллина Жансая Нариманқызы Сакарья қаласында, Сакарья университетінде оқыды
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ МАМАНДЫҚҚА ҚАЖЕТТІ МАҢЫЗДЫ БІР БӨЛІМІ
Экология ғылымын меңгере отырып, студент теориялық білімдермен қатар, өз мамандығының шебері болуға мүмкіндік беретін тәжірибелік ептілікке де үйренуі қажет. Осы мақсатта өндірістік практиканың маңызы зор. Өндірістік практиканың мақсаты студенттердің кәсіби дайындығының сапасын жақсарту болып табылады.
Өндірістік практиканы келесідей мекемелерде жүргізуге болады:
- Қаланың базалық өндіріс орындары,
- Экологиялық департамент;
- Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мекемелер,
- Ғылыми зерттеу институттары мен орталықтары, зертханалар, және т.б.
- Өндірістік практиканың барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдіс тәсілдер, ластағыштардың шығарылу мөлшерін есептеу, ластанудың алдын алу, шектеулерді есептеу және т.б. жұмыстар атқарылады.
Өндірістік практиканың мақсаты:
- Студенттердің оқу барысындағы теориялық білімдерін нығайту және тереңдету;
- Болашақ маманның кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
Міндеттері:
- Болашақ мамандығына тұрақты қызығушылығын арттыру ;
- Кәсіби іс әрекетіне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру;
- Негізгі пәндер бойынша алған білімдерін іс жүзіне асыру дағдысын қалыптастыру;
- Өз жұмысын ғылыми негізде жаңа технологияларды қолдану арқылы ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.
Экология кафедрасының өндірістік мекемелермен байланысы және оның маңызы
Экология кафедрасының өндірістік мекемелермен тығыз байланысы студенттердің кәсіби дайындығын жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Бұл байланыс оқу процесін практикамен ұштастырып, студенттерге өз білімдерін нақты жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Өндірістік мекемелермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосады. Сонымен қатар, мұндай серіктестік түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырып, кәсіби бағыт-бағдарын нақтылауға септігін тигізеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары
Экология кафедрасы мен серіктес мекемелер арасында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселелерді қамтиды.
Кафедра филиалдарында тәжірибе жүргізу, өндірістік практика және оқыту базасын ұйымдастыру
Экология кафедрасының филиалдары студенттердің тәжірибе жүргізуіне, өндірістік практикадан өтуіне және оқыту базасын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл базаларда студенттер теориялық білімін практикада қолданады және кәсіби дағдыларын дамытады.
Кафедра филиалдары және басқа да өндірістік мекемелер Экология мамандығының студенттеріне қонақдәрістер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Экология кафедрасының білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында білім алмасу мүмкіндігіне ие. Бұл бағдарлама студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына, басқа оқу орындарының тәжірибесімен танысуына, шет тілдерін меңгеруіне және жаңа мәдени ортада бейімделуіне септігін тигізеді.
Сонымен қатар, біздің университетке шетелдік жоғары оқу орындарынан мамандар шақырылып, студенттерге дәрістер оқиды, ал профессор-оқытушылар құрамы тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттырып, халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Академиялық ұтқырлық — заманауи білім беру жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Экология кафедрасы бұл бағытта серіктес жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан және студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасап келеді.
ШЕТЕЛДІК МАМАННЫҢ УНИВЕРСИТЕТКЕ КЕЛУІ
2024 жылдың 28 қазан - 9 қараша аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультетінің Баламалы энергия көздері ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты С.В. Киселева «Экология» кафедрасына келді. Оның келуі барысында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін дәрістер мен семинарлар өткізілді, сондай-ақ, тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Бұл шара кафедраның халықаралық академиялық байланыстарын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосты.
2024 жылдың 30 сәуірі мен 12 мамыры аралығында біздің оқу орнымызға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Сакарья университетінен профессор Ахмет Челеби келді.
Сапар барысында профессор Ахмет Челеби экология саласына қатысты бірқатар дәрістер оқыды, тәжірибе алмасты және студенттермен, оқытушылармен ғылыми-танымдық кездесулер өткізді. Бұл іс-шара білім алушылардың халықаралық ғылыми ортаға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етті.
Профессордың келуі университетіміздің халықаралық байланыстарын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ШЫҒУЫ
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алушылар шет елдерге барып, білім алу, тәжірибе жинақтау және кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие. Бұл бағдарлама халықаралық тәжірибемен алмасуға, шетелдік жоғары оқу орындарының оқу жүйесімен танысуға және академиялық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.
2024 жылы 6В05201 – Экология білім бағдарламасының 3 курс студенті Бектасова Томирис Саматовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университетінде (Грузия) білім алды. Бағдарлама барысында Томирис шетелдік оқу орнының білім беру процесімен танысып, кәсіби тәжірибе жинақтады және халықаралық академиялық ортада экологиялық мәселелер бойынша білімін тереңдетті.
2024 жылы 6В05201 – Экология білім бағдарламасының студенттері Абилкасова Сабина мен Айткалиева Айдана академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Памуккале университетінде (Түркия Республикасы, Денизли қаласы) білім алды. Бағдарлама шеңберінде студенттер шетелдік жоғары оқу орнының оқу үрдісімен танысып, кәсіби және академиялық дағдыларын жетілдірді.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУЫ
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алушылар Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарында білім алып, кәсіби және академиялық тәжірибесін арттыруда. Бұл тәжірибе білім беру сапасын арттыруға, өзге өңірлердегі ЖОО-лармен байланыс орнатуға және болашақ мамандардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Сыдыкова Зарина С., 6В05201 – "Экология" білім б бағдарламасының 2-курс студенті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алды.
Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі бұл тәжірибе білім алушылардың кәсіби және академиялық дағдыларын дамытуға, өзге жоғары оқу орындарының оқу үдерісімен танысуына және ғылыми көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сәкебаева Аружан Сағитжанқызы, 6В05201 – "Экология" білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде білім алды.
Алматы технологиялық университетімен серіктестік
Біздің университет пен Алматы технологиялық университеті арасында ресми серіктестік орнаған. Бұл серіктестік аясында білім алушылардың өзара алмасуы белсенді түрде жүзеге асырылады. Студенттер академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларына қатысу арқылы кәсіби дағдыларын жетілдіруге мол мүмкіндік алуда. Бұл ынтымақтастық екі жақтың да білім беру сапасын арттыруға және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.