БАСТЫ БЕТ > 6В05302 – ХИМИЯ > 6В05302 – ХИМИЯ

Шифр – мамандық атауы:

6B05302 — «Химия»

Аккредитациядан өтуі:

6В05302 – «Химия» білім беру бағдарламасы Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығынан (KazSEE) 5 жыл мерзімге (2019 ж. 13 желтоқсан – 2024 ж. 12 желтоқсан) мамандандырылған аккредитациядан өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл

Берілетін дәреже:

«6В05302-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша  жаратылыстану бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

  • аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер;
  • сертификаттау қызметтерінің өндірістік зертханалары.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу мекемелері (институттар, зертханалар), колледждер, лицейлер.

Кәсіби қызмет пәні:

  • жаңа технологиялық үдерістерді қайта өңдеуге арналған аралық шикізаттың қасиеттері мен құрамын бағалау;
  • қосалқы материалдар мен шикізатты, қондырғыларды тиімді пайдалану мен бағалауды қамтамасыз ету;
  • бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіруде технологиялық регламент талаптарына сай үдерістерді енгізу;
  • бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіруге арналған жаңа технологиялық сұлбаларды жобалауда техникалық тапсырмаларды әзірлеу, технологиялық желілер мен қондырғыларды іріктеу;
  • жаңа технологиялық үдерістерге, технологиялық желілерге немесе технологиялық қондырғыларға арналған техникалық тапсырмаларды жөндеу;
  • технологиялық үдерістерді, технологиялық желілерді немесе қазіргі заманғы технологиялық қондырғыларды қайта өңдеу;
  • әртүрлі технологиялық (зертханалық, тәжірибелік, өндірістік) регламенттерді өңдеу;
  • жөнелтушімен жұмыс істеу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, есептік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
  • бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіруге арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу;
  • балама бағыттардың нұсқаларын талдау;
  • еңбек жағдайында мамандар мен орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру;
  • еңбек тәртібін қажетті деңгейде сақтау;
  • өндірістің техникалық-экономикалық талдауы;
  • технологиялық үдерістерді, жабдықтарды және аспаптардың динамикасын аналитикалық құралдар мен әдістер арқылы зерттеу және диагностикалау;
  • жаңа бейорганикалық материалдар синтезі мен жаңа үдерістер мен өнімдерді қайта өңдеу саласында зерттеулер жүргізу;
  • химиялық-технологиялық өндірісте сервистік және пайдалану жабдықтарын әзірлеу және ұйымдастыру.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • өндірістік-технологиялық;
  • есептеу техникасы, жобалау-құрылыс;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • сервис және пайдалану;
  • ғылыми-зерттеу қызметі.

Практика базалары:

«АХҚЗ» АҚ, ТОО «Гидроэкоресурс-L», Актөбе облысы бойынша Экология департаменті Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Энергетика министрлігі РК, ТОО «Audit Ecology», ТОО «Eco Project Company», РГУ «АГУ СЭКД СЭКАО КСЭК МЗРК» Актөбе облысындағы филиалы және т.б.