БАСТЫ БЕТ > 6В07206 – АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ > 6В07206 – АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Шифр - мамандық атауы:

6B07206 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»

Аккредитациядан өтуі:

6B07206 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы Қазақстанның инженерлік білім беру қауымдастығының (KazSEE) сараптамалық комиссиясымен 5 жылға аккредиттелген (23.12.2020 ж. - 22.12.2025 ж.).

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл

Берілетін дәреже:

«6B07206 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

  • Өндірістік технологиялар: азық-түлік өнімдерін өндіру, оның ішінде шикізатты өңдеу, жаңа өнімдер жасау және сапаны жақсарту процестерін әзірлеу, енгізу және оңтайландыру.
  • Тағам қауіпсіздігі: өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, өндіріс пен сақтау кезеңдерінде стандарттар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • Тағам өнеркәсібіндегі инновациялар: биотехнологиялар, экологиялық таза өнімдер, сақтау және орау әдістерін жетілдіру сынды жаңа технологияларды енгізу.
  • Сапаны басқару: сапа менеджменті жүйелерін (мысалы, ISO) әзірлеу және енгізу, өнімді сертификаттау.
  • Жаңа өнімдерді әзірлеу: жаңа өнім түрлерін жасау және қолданыстағы өнімдерді жетілдіру арқылы олардың тағамдық құндылығы мен органолептикалық қасиеттерін арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізу.
  • Экологиялық аспектілер: экологиялық таза технологияларды әзірлеу, өндірістік қалдықтарды азайту және қоршаған ортаға әсерін төмендету.

Кәсіби қызмет нысандары:

  • Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (ет-сүт өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану саласындағы жетекші кәсіпорындар; 
  • Ет және балық жартылай фабрикаттарын өндіретін тамақ кәсіпорындар;
  • Шұжық және қақталған өнімдерді, сүт өнімдерін, консервілерді, сусындарды, балалар мен диеталық тағамдарды өндіруші кәсіпорындар;
  • Жобалау институттары;
  • Ғылыми мекемелер;
  • Білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызмет пәні:

  • Тағам өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтанудағы технологиялық процестерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • Дайын өнімнің шығуын және сапасын арттыру мақсатында технологиялық процестерді жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру;
  • Тағам өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтанудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
  • Шикізат, тағам өнімдері және дайын өнім құрамының технохимиялық бақылауы;
  • Стандарттарға сәйкес келетін сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ету;
  • Еңбек ұжымдарын ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдау;
  • Экология, өндірістік санитария, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, сондай-ақ өрт және жарылыс қауіпсіздігі талаптарына сай кәсіпорынның техникалық жабдықталуы мен өндірістік қызметін талдау;
  • Техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен маркетингтік қызметті талдау.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Технологиялық қызмет;
  • Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі;
  • Басқарушылық қызметі.

Практика базалары:

«Анвар» ЖШС, "Taksim Asia" ЖШС, Уил аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, “Адлер” ЖК (кондитерлік цех), "Инком" ЖШС, Lemonade кафе ЖК, «БиоНАН», "ROKOS" зауыты ЖШС, "Андр" мейрамханасы, "Pizza house" DODO pizza мейрамханасы ЖШС, "Caspian International restaurants company" KFC Ақтөбе ЖШС, "Ново Альджан мелькомбинат Гранум" ЖШС және т.б.