Шифр – мамандық атауы:
6В01504 — «Химия»
Аккредитациядан өтуі:
6В01504 – «Химия» білім беру бағдарламасы «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің сараптамалық комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша 5 жыл мерзімге (05.12.2021 ж. – 04.12.2026 ж.) арнайы аккредитация сертификатын алды.
Оқу түрі, оқу мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01504 — «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызмет саласы:
- Білім беру (жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде);
- Басқару (әкімдіктердің білім бөлімдері, көгалдандыру және экология ұйымдары);
- Ғылым (ғылыми-зерттеу ұйымдары мен институттар).
Кәсіби қызмет объектілері:
- Орта білім беру және кәсіптік-техникалық оқу орындары;
- Зерттеу және ғылыми мекемелер;
- Басқару жүйесі.
Кәсіби қызмет пәні:
- Инновациялық оқыту әдістерін зерттеу, жинақтау және тарату;
- Білім беру жүйесінде оқыту.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Көптілді оқытуды қоса алғанда, білім беру ұйымдары: мектептер, лицейлер, гимназиялар және колледждер;
- Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері;
- Химия саласында маманданған өндірістік және өндірістік емес ұйымдар мен мекемелер.
Практика базалары:
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласындағы барлық мектептер.