Шифр-мамандықтың атауы:
6В05102 – «Биотехнология»
Аккредитациядан өтуі:
6В05102-«Биотехнология» ББ Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEEден 5 жыл мерзімге аккредиттелді (23.12.2020 – 22.12.2025).
Оқу нысаны, оқу мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
«6В05102 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
Кәсіби қызмет саласы:
- Ағынды сулар мен ластанған аумақтарды биологиялық тазарту;
- Өндірістік кәсіпорындар;
- Сертификаттау, сараптама-криминалистика, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар, экологиялық қызметтер;
- Агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- Ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- Білім беру ұйымдары;
- Өндірістік кәсіпорындар мен зертханалар;
- Азық-түлік, қайта өңдеу, микробиология, фармацевтика және мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары;
- Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өсімдіктерді қорғау және селекциялық станциялар;
- Ғарыш және робототехника саласындағы компаниялар
- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханалары.
Кәсіби қызметінің пәні:
- биотехнологиялық өнім өндіруді жүзеге асыру;
- биотехнологиялық өнімнің сапасын бақылау;
- биотехнология объектілерін өсіру және биологиялық іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- биотехнологиялық өндірістің жекелеген кезеңдерін ұйымдастыру;
- жаңа тамақ өнімдерін сертификаттауға дайындау бойынша жұмыстарды орындау;
- Дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалардың құрамын және өндіріс технологиясын әзірлеуге қатысу.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастыру-технологиялық;
- өндірістік-басқару;
- ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу;
- жобалау;
- селекциялық;
- сервистік-пайдалану;
- монтаждық-келтірушілік;
- есептік-жобалық;
- білім беру.
Практика базалары:
«Айс плюс» ЖШС, «Ақтөбе Продукт» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, СЭС, ШЖҚ «Облыстық қан орталығы» МКК, «Олимп» КДЗ, «Гигиенист» ЖШС, «ТК Фарм» ЖШС және т.б.,