БАСТЫ БЕТ > 6В05201 - ЭКОЛОГИЯ > 6В05201 - ЭКОЛОГИЯ

Шифр-мамандықтың атауы:

«6В05201 – Экология»

Аккредитациядан өтуі:

6В05201 – «Экология» ББ  «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж).

Оқу түрі, оқу мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл

Берілетін дәреже:

«6В05201 – Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры 

Кәсіби қызмет саласы:

  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік ұйымдарда, биосфералық резерваттар мен қорықтарда, өндірістік және экологиялық кәсіпорындарда;
  • Аграрлық-өнеркәсіптік кешенде, полигондарда, энергетика нысандарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында;
  • Сондай-ақ, институттарда эколог-талдаушы, сарапшы немесе эколог ретінде жұмыс істей алады.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша аумақтық басқармалар, ұлттық парктер, қорықтар, табиғат заказниктері, зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар, биосфералық резервтер, жер үсті, су және урбанизацияланған экожүйелер;
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • Агроөнеркәсіптік кешендер, полигондар, білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • Табиғи экожүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын зерттеу және бұзылған аумақтарды қалпына келтіру: атмосфералық ауа, су ортасы, топырақ жамылғысы, өсімдік және жануарлар әлемі, адам денсаулығының сапасын бағалау, болжамдық модельдер құрастыру; 
  • Жалпы, жекелеген және нақты экономикалық заңдардың әрекеттері мен көрініс формаларын зерттеу, саланың немесе жекелеген кәсіпорынның нақты жағдайларындағы экономикалық үдерістердің дамуын талдау;
  • Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы шығындар жағдайында резервтерді анықтау шарттары мен факторларын зерттеу.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Ғылыми-зерттеу;
  • Ұйымдастыру-басқару;
  • Табиғатты қорғау;
  • Өндірістік-технологиялық;
  • Эксперименталды-зерттеу;
  • Жобалау.

Практика базалары:

«Гидроэкоресурс — L» ЖШС, «Батысэкопроект» ҒЗИ, Ақтөбе облысы экология департаменті, «АСУ ЭКО» ЖШС және т.б.