Шифр – мамандықтың атауы:
«6В07104 — Экоэнергетика»
Аккредитациядан өтуі:
6В07104-«Экоэнергетика» ББ Қазақстанның Заманауи Білім Ассоциациясы KazSEEден 5 жыл мерзімге аккредиттелді (21.12.2021 – 20.12.2024).
Оқу түрі, оқу мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәрежесі:
«6В07104 — Экоэнергетика» оқу бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Кәсіби қызмет саласы:
- Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық мекемесінде, өнеркәсіптік және экологиялық мекемелерде;
- Энергетика нысандарында, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарда эколог-техник, баламалы энергия көздері саласындағы маман, эколог-инженер ретінде жұмыс істей алады.
Кәсіби қызмет нысандары:
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармалар, электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну кәсіпорындары, электр станциялары мен қосалқы станциялары;
- Энергетика объектілері, АЭС, электр желілері мен қосалқы станциялар, электр желілері басқару диспетчерлік орталықтары, энергетикалық объектілерді автоматтандырылған басқару жүйелері, сыртқы электрмен жабдықтау жүйелері.
Кәсіби қызмет пәні:
- Электр станциялары мен қосалқы станциялар;
- Электр жүйелері мен желілері;
- Электр энергетикалық жүйелерді қорғау және автоматтандыру;
- Әр түрлі салалардағы өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау;
- Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері;
- Электромеханика;
- Электроизоляциялық және кабельді техника;
- Электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Ғылыми-зерттеу;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- Қоршаған ортаны қорғау;
- Өндірістік-технологиялық;
- Эксперименталды-зерттеу;
- Жобалау.
Практика базалары:
«Гидроэкоресурс» ЖШС, «АСУ ЭКО», «НИИ Батысэкопроект» ЖШС, «Алихан» ЖК, «АЭМК – Жарык» ЖШС және т.б.