Шифр – мамандықтың атауы:
7М01505 - «Биология»
Аккредитациядан өтуі :
7М01505-«Биология» ББ ARQA аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінен 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті (12.06.2020ж. – 11.06.2025ж.
Оқу түрі, оқу мерзімі:
Күндізгі: ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл
Берілетін дәреже:
7М01505- Биология білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
білім беру (жоғары оқу орындары, жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледж); басқару (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, табиғат қорғау және экология ұйымдары); ғылым (ғылыми-зерттеу ұйымдары және институттары).
Кәсіби қызметінің нысандары:
- ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;
- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- мамандық бағытындағы зертханалар;
- мемлекеттік басқару орындары;
Кәсіби қызметінің пәні:
- Оқыту және тәрбиелеу барысында заманауи құралдар мен әдістерді қолдану;
- Зерттеудің заманауи әдістері, жабдықтар, материалдар және т.б.;
- Басқаруға арналған заманауи кеңсе жабдықтары, түрлі деңгейде қарым-қатынас жасау қабілеті, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар, қосымша материалдар, агробиостанциялар мен жас натуралистер станциялары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- тәрбиелік жұмыстар;
- кәсіптік бағдарлау;
Практика базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Биология» кафедрасы мен Ақтөбе облысындағы барлық жалпы білім беретін мектептер.