БАСТЫ БЕТ > 7М05101 - БИОЛОГИЯ > 7М05101 - БИОЛОГИЯ

Шифр – мамандықтың атауы:

7М05101-«Биология»

Аккредитациядан өтуі:

7М05101-«Биология» ББ «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» мамандандырылған  аккредитациясынан 5 жыл мерзімге аккредитациядан өту сертификатын алды (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж.).

Оқу түрі, оқу мерзімі:

Күндізгі: Ғылыми және педагогикалық бағыты – 2 жыл

Берілетін дәреже:

7М05101-Биология білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

  • Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы әр түрлі салалардағы әртүрлі ұйымдастыру деңгейіндегі биологиялық жүйелер;
  • Биологиялық табиғатты қорғау технологиялары.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;
  • ғылыми-зерттеу институттары;
  • қорықтар, хайуанаттар паркі, өсімдіктерді қорғау станциялары;
  • санитарлық-эпидемиялогиялық және обаға қарсы станциялар;
  • жергілікті және облыстық әкімшіліктегі экологиялық басқармалар және бөлімдер;

Кәсіби қызметінің пәні:

  • Өсімдіктер мен жануарлар объектілерінің қалыптасу және тіршілік ету заңдылықтарын айқындау;
  • Биологиялық табиғатты қорғау технологиялары;
  • Білім алушылармен әдістемелік, білім беру, консультациялық жұмыстар. 

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • педагогикалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • өндірістік басқару;
  • жобалау;

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Биология», «Экология» кафедрасы, «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы», «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты», “Үстірт мемлекеттік қорығы”, Ақтөбе облыстық “Үлкен Борсық Орман шаруашылығы”, “Фитосанитария” Ақтөбе облыстық филиалы; “Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты” ЖШС-нің Ақтөбе филиалы;  Ұлттық сараптама орталығы Ақтөбе облысы бойынша филиалының Байғанин аудандық  бөлімшесі; Ақтөбе қаласы ЖШС “Молочные истории-А”; Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы-ММ; “Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  аумақтық инспекциясы” ММ; “Ақтөбе облысының ветеринария  басқармасы” ММ; ЖШС “Арал  филиалы,Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты  және т.б.