Мамандықтың шифры мен атауы:
«7М05201 – Экология»
Аккредитациядан өтуі:
7М05201-«Экология» ББ «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (05.12.2021 ж. – 04.12.2026 ж)
Оқу түрі, оқу мерзімі:
Ғылыми-педагогикалық бағыт - 2 жыл;
Берілетін дәрежесі:
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі «7М05201 — Экология» білім беру бағдарламасы бойынша
Кәсіби қызмет саласы:
- Ғылыми-зерттеу институттары;
- Білім беру мекемелері;
- Қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық ұйымдар;
- Биосфералық резервтер мен қорықтар;
- Өнеркәсіптік және экологиялық кәсіпорындар;
- Агроөнеркәсіптік кешендер мен полигондар.
Кәсіби қызмет объектілері:
- Білім беру ұйымдары;
- Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар;
- Қоршаған ортаны мониторингтеу орталықтары;
- Ғылыми сараптама және консалтинг;
- Экологиялық тұрғыда тұрақты технологияларды әзірлеу;
- Халықаралық экологиялық зерттеулер.
Кәсіби қызмет пәндері:
- Биосфера және оның компоненттері; экологиялық мониторинг және маркетинг;
- Табиғи және урбанизацияланған экожүйелер және олардың компоненттері;
- Қоршаған ортаның жағдайын тексеру және бақылау;
- Болжамдық модельдер құрастыру;
- Экологиялық білім беру және тәрбиелеу;
- Технологиялық процестерде және жаңа кәсіпорындар, тұрғын пункттерін жобалауда экологиялық талаптарды сақтау, ҚОӘБ және экологиялық аудит жүргізу.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Ғылыми-зерттеу;
- Жобалау-өндірістік;
- Әкімшілік-өндірістік;
- Педагогикалық.
Тәжірибе базалары:
Қ.Жұбанов атындағы АРГУ экология кафедрасы, Ақтөбе облысы экология департаменті, «Табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалану жөніндегі басқарма» ММ, «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ, «Қазгидромет» РГП, «Ақбұлақ» АҚ, «АЗХС» АҚ, «АСУ ЭКО» ЖШС, «Гидроэкоресурс — L» ЖШС, «Батысэкопроект» ҒЗИ және т.б.