Кафедра Қазақстан Республикасының білім беру стандартында қарастырылған пәндер бойынша дәріс, зертханалық және практикалық сабақтар мен студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған мамандандырылған зертханалармен және кабинеттермен жабдықталған.
Аудиториялық сабақтарда студенттер көлік құралдарының құрылысының негіздерін оқып, жылжымалы құрамды жөндеу және пайдалану технологияларымен танысады, өндірісті басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктерін, технологиялық процестерді зерттейді және жаңа инновациялық технологиялармен танысады. Бұл зертханалар мен кабинеттер заманауи оқу жабдықтарымен, тәжірибелік үлгілермен, сынақ стендтерімен жабдықталған. Кафедрада оқу үдерісінде заманауи оқу құралдары мен демонстрациялық құрылғылар-компьютерлік класстар, интерактивті тақталар, аудио-видео жабдықтар және т.б. белсенді түрде қолданылады. Оқу процесінде нақты пәндерді оқып-үйренуге, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға арналған заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде AnyLogic, AutoCAD, Robur, Kompas, CorelDRAW, ArchiCAD, Sana және басқа да бағдарламалардың оқу нұсқалары қолданылады.
2025 жылы студенттерге көлік құралдарының құрылымы мен бөлшектерін зерттеуге көмектесу мақсатында виртуалды зертханалар сатып алынды:
1. Виртуалды зертхана: «Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету»
2. Виртуалды зертхана: «Көлік құралдарының трансмиссиясы және шассиі»
3. Виртуалды зертхана: «Көлік құралдарының электр жабдықтары»
4. Виртуалды зертхана: «Іштен жану қозғалтқыштары»
Кафедрада «Азаматтық ғимараттардың архитектурасы», «Өндірістік ғимараттардың архитектурасы» пәндеріне арналған жаңа «Сәулеттік дизайн» компьютерлік класы бар, мұнда Autocad, Archicad, Sana бағдарламаларын қолдану арқылы жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі.
Жыл сайын кафедраның материалдық-техникалық базасы заманауи оқу жабдықтарымен, өндіріс жағдайында қолданылатын жаңа стендтері мен қондырғыларымен жаңартылып отырылады. Бұл жағдайлар оқу процесін өндіріс талаптары сай ұйымдастыруға мүмкіндік береді:
1. Автомобиль дөңгелектерін бөлшектеуге және монтаждауға арналған шина жабдықтары
2. Бөлшектеу мен құрастырудан кейін дөңгелектерді теңестіруге арналған теңгерімдеуші стенд (Sillan).
3. Жинақтағы көлік құралдарын техникалық байқау кешені (тартымды тежеу күшін өлшеуге арналған роликті стенд, фараны өлшеу құрылғысы, газ анализаторы, түтін өлшегіш, құрылғы, автомобильге арналған дөңгелектерді өлшеуге арналған люфтометр)
4. THINKTOOL автокөлік диагностикалық планшеті
Кафедраның ғылыми базасының құрамына құрылыс материалдары мен конструкцияларын асфальтбетонды сынау зертханасы кіреді. «Геотехника -1», «Байланыстырғыш заттар технологиясы», «Құрылыс материалдары» пәндері бойынша практикалық және зертханалық жұмыстар, сонымен қатар магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен студенттердің дипломдық жобалары орындалады.

Студенттерді кафедраның білім беру бағдарламаларына тарту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында SIKE «Бетон өндірісі» электронды курсы сатып алынды, сонымен қатар оқу, ғылыми және өндірістік саланы дамыту бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. «Құрылыс материалдары мен асфальт-бетонды сынау» зертханасында студенттер құрылыс және жол-құрылыс индустриясында пайдалану үшін құрылыс және жол материалдарының заманауи бұйымдары мен конструкцияларын жасау үшін бетонның ұтымды құрамын, қасиеттерін зерттей алады.

2021-2022 оқу жылында инженерлік факультетінің деканы Балғынова А.М. және кафедра меңгерушісі Утебаев И.С. «Қазстандарт» РМК Ақтөбе филиалымен бірлесіп 9 сынақ жабдығына аттестаттау жүргізілді, сонымен қатар Қазақстан стандарттау және метрология институты сынақ жабдықтарын сертификаттау бөлімінен ҚР Өлшеу құралдары мен сынау техникасы бойынша ӨСЖ енгізу тәртібі бойынша сертификаттар алынды.
Дуальды оқыту жүйесіне өту бойынша ірі кәсіпорындармен келісім-шарттар жасалып, студенттер өндірістік базаларда оқытылады.
Кафедра филиалдарының ашылуын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Кафедраның базалық кәсіпорынның және студенттердің міндеттерін анықтайтын кәсіптік практикаға келісім-шарттар жасалды.
Оқу және өндірістік практикалардың базалары: РГУ "БК-Сәулетші"; "BS Company" ЖШС; "Dr-Progect KZ" ЖШС; "Кварц-Спецсервис" ЖШС; "СТ Консалтинг" ЖШС; "Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" АҚ; "НҰР-АСАР" ЖШС Құрылыс компаниясы; "МАФ Строй Companu» ЖШС; "Номад құрылыс компаниясы "ЖШС; "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ; " «Batys Sapa Aktobe» ЖШС; «Борусан Макина Казахстан ШК» ЖШС; «Глобал Транс Авто» ЖШС; «Jusan Mobile» АҚ; «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ; «Қазахавтодор» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалы; «Kol Auto Energy» ЖШС; «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы; «Motor center KZ» ЖШС; «PSW GROUP» ЖШС; «ҚазТрансОйл» АҚ.
Оқыту барысында оқу процесі мен өндіріс арасында тығыз байланыс қалыптастырылған. Оқу тапсырмаларын (тәжірибелік жаттығулар үшін) қалыптастыру кезінде әртүрлі пәндер шеңберінде нақты экономика саласындағы серіктес кәсіпорындардың ұсыныстары пайдаланылады.
Жұмыс берушілер ББ әзірлеуге және енгізуге мыналар арқылы қатысады:
- таңдалған ББ шеңберінде кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру;
- кәсіпорындарда бөлімшелердің филиалдарын құру;
- кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу;
- оқу сабақтарын, қонақтық лекцияларды, дөңгелек үстелдерді өткізу;
- қорытынды аттестацияға қатысу;
- рецензиялау және тезистерді (жобаларды) жазуға нұсқау беру;
- университет өткізетін ғылыми конференцияларға оқытушылармен және студенттермен бірге қатысу.