Оқу үрдісі, мерзімі:
Күндізгі: 2 жыл, 1 жыл.
Аккредитациядан өту (өту жылы, өту кезеңі):
7М07101 – Көлік, көліктік техника және технологиялар білім беру бағдарламасы 2021 жылдың 21 желтоқсан айында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы KAZSEEден 5 жыл мерзімге (21.12.2021-20.12.2026) аккредиттелді №2021 КЕ0389.
Берілетін дәреже:
7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі (2 жыл);
7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі (1 жыл және 1,5 жыл).
Кәсіби қызмет аясы:
Техника, жаратылыстану және басқа да аралық ғылым салалары
7М07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы бойынша магистрдің кәсіби қызмет нысандары
Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасы магистрлерінің кәсіби қызмет объектілері болып, меншік нысанынан тәуелсіз олардың қызметіне көлікті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және көліктік қызмет көрсету жұмыстары кіретін мекемелер мен ұйымдар табылады. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері; көлік және инфрақұрылым саласындағы басқару органдары, жергілікті басқару органдары, ұлттық, мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар.
Кәсіби қызмет түрлері:
7М07101 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлердің кәсіби қызмет түрлері
- ғылыми-зерттеу;
- инженерлік-конструкторлық;
- ғылыми-педагогикалық;
- инженерлік-басқару;
- ұйымдастырушылық-педагогикалық;
- эксперименттік-зерттеу;
- білім беру-педагогикалық.
Практика базалары:
«Batys Sapa Aktobe» ЖШС, «Борусан Макина Казахстан ШК» ЖШС, «Глобал Транс Авто» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ, «Қазахавтодор» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалы, «Kol Auto Energy» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы, «Motor center KZ» ЖШС, «PSW GROUP» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ