БАСТЫ БЕТ > 7М07102 - ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ > 7М07102 - ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Шифр – мамандықтың атауы:

7М07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (IAAR) сарапшылық комиссиясының бағалауынан кейін, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті (жарамдылық мерзімі: 2024 жылғы 20 желтоқсаннан 2029 жылғы 19 желтоқсанға дейін).

Оқу түрі, мерзімі:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

ғылыми-педагогикалық бағытта – 2 жыл;

Берілетін дәреже:

7М07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология ғылымдарының магистрі (ғылыми- педагогикалық бағыт, 2 жыл);

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ кәсіби міндеттерді тиімді шешуге қабілетті; өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылатын, қазіргі заманның сын-қатежерлеріне төтеп беруге дайын магистрлерді даярлау.

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітірушілердің кәсіптік әрекетінің аясы:

-           Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталықтар;

-           Ғылыми-зерттеу және жобалау институттары;

-           Ғылыми-өндірістік орталықтар;

-           Ірі отандық және халықаралық мұнай-газ компаниялары;

-           Мұнай-газ компанияларының құрлықтағы және теңіздегі зертханалары;

-           Мұнай мен газды тасымалдау және сақтаумен айналысатын компаниялар;

-           Орта және жоғары оқу орындарындағы академиялық және оқытушылық қызмет.

Кәсіби қызметінің нысандары:

-           Химиялық процестер инженері

-           Технологиялық процестер инженері

-           Бас инженер

-           Бас технологиялық инженер

-           Бас механик-инженер

Кәсіби қызметінің пәні:

Мұнай өңдеудегі физика-химиялық талдау, мұнай өңдеудің екіншілік процесстердің теориялық негіздері, органикалық синтездін теориялық негіздері, табиғи энергия тасымалдағыштарды және көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиялары, мұнай-газ өңдеу өндірісінде автоматтандыру және басқару, химия өнеркәсібіндегі жоспарлау, мұнай өңдеу және мұнайхимиясының инновациялық технологиялары, органикалық заттар технологиясының даму перспективалары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми-зерттеу
  • жобалық-өндірістік
  • әкімшілік-өндірістік
  • педагогикалық.

Практика базалары:

«Batysmunaymash» ЖШС

«Omas Integreid» ЖШС

«Kanaqat Stroy Invest» ЖШС

«Epsilon Group» ЖШС

«Munay Real Express» ЖШС

7M07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасына мониторинг жүргізу және оны жетілдіру

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 7M07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы кәсіби даярлауға қойылатын заманауи талаптарды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктерді, еңбек нарығының қажеттіліктерін, сондай-ақ мүдделі тараптардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, жүйелі түрде мониторингтен өткізіледі және жетілдіріліп отырады.

Оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер, студенттер және түлектер білім беру бағдарламасын жетілдіруге қатысады. Бағдарлама мазмұнын жаңартуға қатысты мәселелер Академиялық комитет отырыстарында қарастырылады.

Білім беру бағдарламасын жетілдіру мақсатында қарастырылған ұсыныстар туралы ақпарат

Қарастыру күні

Қарастырылған мәселелер

Негіздеме

Қайта қарау нәтижелері

25.12.2025

Модульдік оқу жоспарын жаңарту және білім беру бағдарламасының (ББ) мазмұнын жетілдіру

25.12.2025 жылғы Академиялық комитет отырысының хаттамасы

Білім беру бағдарламасын жетілдіруге қатысты мүдделі тараптардың ұсыныстары қарастырылды

12.03.2026

Ғылыми-зерттеуге бағытталған пәндердің мазмұнын жетілдіру, жекелеген тақырыптардың қайталануын жою және жасанды интеллект элементтерін енгізу

12.03.2026 жылғы Академиялық комитет отырысының хаттамасы

Ұсыныстар қарастырылып, модульдік білім беру бағдарламасын одан әрі жетілдіру үшін жолданды

Білім беру бағдарламасына мониторинг жүргізу университеттің сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ішкі жүйесі аясында жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіруге қатысты ұсыныстарды студенттер, түлектер, жұмыс берушілер және оқытушылар құрамы Мұнай-газ инженериясы кафедрасы немесе Академиялық комитет өкілдері арқылы ұсына алады.

Білім беру бағдарламасын жаңарту туралы шешімдер қабылданған жағдайда, бұл туралы ақпарат белгіленген тәртіпке сәйкес қарастырылып, бекітілгеннен кейін хабарланатын болады.

Білім беру бағдарламасын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (7M07102) білім беру бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік ресурстар қатарына Мұнай-газ инженериясы кафедрасының оқытушылар құрамы әзірлеген, ағылшын тіліндегі мамандандырылған басылымдар кіреді.

  • Tastanova L., Bekeshev A., Mostovoy A. Epoxy Nanocomposites Reinforced with Pristine and Functionalized Nanofillers : monograph. – Aktobe : Bekeshev A., Mostovoy A., 2024. – 100 p. – ISBN 978-601-7650-80-3.
  • учебное пособие Chemistry and Physics of Organic Substances: Polymers and Polymer Composites. Tutorial;
  • монография Polymer Composites Based on Epoxy Resins (2019);
  • монография Polymer Nanocomposites (2023).

Бұл басылымдар полимерлер химиясы мен физикасын, полимерлік және композиттік материалдар технологиясын, сондай-ақ полимерлі нанокомпозиттерді синтездеу мен олардың қасиеттерін зерттеудің заманауи әдістерін қамтитын мамандандырылған курстарда, оқу процесінде қолданылады.

Ағылшын тіліндегі ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу магистранттарға кәсіби білімдерін тереңдетуге, ағылшын тілінде академиялық мәтіндерді оқу және кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге және өз зерттеу нәтижелерін халықаралық академиялық қауымдастық алдында ұсынуға қажетті құзыреттерді қалыптастыруға көмектеседі.