БАСТЫ БЕТ > 6В07101 – КӨЛІК, КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР > 6В07101 – КӨЛІК, КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
4

Аккредитациядан өту (өту жылы, өту кезеңі):

6В07101 – Көлік, көліктік техника және технологиялар білім беру бағдарламасы 2021 жылдың 21 желтоқсан айында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы KAZSEEден 5 жыл мерзімге (21.12.2021-20.12.2026) аккредиттелді №2021 КЕ0380.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі:   4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәрежесі:

6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары  технологиялары (major – Көлік, көлік техникасы және технологиялары, minor –Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

  • көлік техникасы мен жабдықтарын шығарушы машина жасау зауыттары;
  • көлік техникасын пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • конструкторлық, жобалық және технологиялық ұйымдар;
  • машина жөндеуші кәсіпорындар, машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары;
  • маркетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтері;
  • көлікті басқару қызметтірінің материалдық-техникалық қамсыздандыру жүйелері.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • көлік техникасын құрастыруға және жөндеуге конструкторлық, технологиялық, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
  • көліктегі логистикалық жүйені басқаруды тәжірибеде, білім, ғылым және өзінің кәсіби қызметін де жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу;
  • орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, әр түрлі пікірлерді есепке алу және басқарушылық шешімдер қабылдау;
  • әр түрлі жоспарлау және оңтайлы шешімдерді анықтау кезінде әр түрлі талаптарды (құнын, сапасын, орындалу мерзімін және қауіпсіздігін) ескере отырып, ымыралы шешімдер қабылдау;
  • сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатында шығындардың әртүрлі түрлерін есепке алу;
  • көлік техникасы мен жабдықтарын дайындау технологиясын оңтайландыру
  • технологиялық процестердің, материалдардың және дайын өнімдердің сапасын бақылау;
  • өнім сапасының көрсеткіштерін өлшеу құралдарын метрологиялық тексеру
  • көлік техникасы мен жабдықтарын стандарттау және сертификаттау бойынша іс-шаралар өткізу, оларды дайындау және жөндеу технологиясы;
  • көлік техникасын пайдалану мен жөндеуге байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару;
  • салдарды болжау мәселелерін шешу, нұсқаларын әзірлеу және талдау, жобаларды жоспарлау және іске асыру;
  • көліктік міндеттерді шешу, құрылымның өзара байланысын, жобалау мақсаттарына қол жеткізу өлшемдері мен көрсеткіштерін құру.

Кәсіби қызмет пәндері:

  • көлік техникасын пайдалану бойынша механик;
  • көлік техникасын жобалау бойынша конструктор;
  • көлік техникасын өндіру және пайдалану жөніндегі менеджер;
  • жобалау және зерттеу мекемелерінің қызметкері;
  • көліктік – экспедиторлық қызмет диспетчері;
  • көлікті және көлік техникасын басқару және инспекциялау жөніндегі мемлекеттік органның қызметкері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • өндірістік-басқару қызметі;
  • жобалық.

Практика базалары:

«Batys Sapa Aktobe» ЖШС, «Борусан Макина Казахстан ШК» ЖШС, «Глобал Транс Авто» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ, «Қазахавтодор» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалы, «Kol Auto Energy» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы, «Motor center KZ» ЖШС, «PSW GROUP» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ