Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай. Қ.Жұбанов техникалық факультеттің бірқатар оқытушылары білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Ақтөбе облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымынан алғыс хаттармен және 50 000 теңге сомасына сертификаттармен марапатталды.
Қазіргі уақытта цифрландыру білім берудің негізгі құралы болғандықтан, университет әр оқытушының бейімділігі мен қабілетін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. Заманауи талаптарға сәйкес сапалы кадрларды даярлаудың инновациялық тәсілдері мен инновациялық тәсілдерін жетілдіру мақсатында өткізілетін біліктілікті арттыру курстары оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттырғаны сөзсіз. 2020 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында техникалық факультет оқытушылары 72 академиялық сағат көлемінде «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі заманауи педагогикалық технологиялар» және «Цифрлық кәсіптік білім беру мен оқытудың педагогикалық тұжырымдамасы» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Техника факультетінің деканы, т.ғ. к., «Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті Балғынова Ақжарқын Мерекеқызы «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерейтойлық төсбелгісінің иегері атанды. Техника факультетінің деканы, т.ғ. к., «Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті Балғынова Ақжарқын Мерекеқызы «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерейтойлық төсбелгісінің иегері атанды.
Ардагер, факультет оқытушысы, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Власко Герман Николаевич «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.
«Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мүшелерінің оқу құралдары мен монографиялық жұмыстары.
Техникалық факультет деканы Балғынова Ақжарқын Мерекеевна «Исследование конструктивно-технологических параметров и режимов работы роторной центрифуги для обеззараживания кормовой пивной дробины» мұнай-газ ісі мамандығының студенттеріне арналған еңбектің авторы болып табылады.
«Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Алматова Баян Ғазизқызының «Мұнай мен газды іздеу және барлау геологиясы», «Мұнай кәсіпшілігінде қоршаған ортаны қорғау», «Прогноз разработки нефтегазовых залежей» еңбектері мұнай-газ ісі мамандығының студенттеріне мамандық бойынша толық ақпарат береді.
Котик Е.П., Котик П.Т. «Разработка и эксплуатация нефтяных и газовых месторождений» оқулығы студенттер арасында кеңінен қолданылады.
2022 жылы 23-25 сәуір аралығында Атырау қаласында APEC Petrotechnic – те «Atyrau International Petroleum Olimpiads» (AIPO 2018) – мұнай-газ саласы студенттерін дамытуға арналған іс-шара өтті. Олимпиадаға қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері де, шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты.
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ университетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының НГДр-3 тобының студенттері қатысты: Коваленко Владимир, Хисматулин Даниил, Ермұханбетов Манас, Воронянский Глеб. Студент Коваленко Владимир осы олимпиадада 1-орынға ие болды. «Brain ring» зияткерлік ойынына қатыса отырып, біздің студенттер кен орнын игеруге байланысты зертханалық жұмыстар, компьютерде симуляциялық тапсырмалар жасады. Тапсырмалар мұнай-газ ісінің әртүрлі бағыттары бойынша болды: өндіру және өңдеу, геология және кен орындарын барлау, жас және тәжірибелі қазақстандық өкілдер мен әртүрлі компаниялардың қызметкерлерінен шеберлік сыныптары. Олимпиада ағылшын тілінде өткізілгенін атап өткен жөн. Жыл сайынғы олимпиада студенттердің, түлектердің мұнай-газ саласындағы түрлі компаниялардың өкілдерімен кездесуі үшін ортақ алаң құрды. Олимпиаданың демеушілері APEC Petrotechnic, NCOC, Schlumberger, TCO сияқты ұйымдар болды.
28.10.2022 жыл. Кулбаев Рахат Муйнакбайулының «Аккумулятор және оны пайдалану тәсілдері» атты мақаласы «Студент» ғылыми журналында жарияланды www.sibac.info
Кафедра оқытушысы, PhD докторы Саркулова Ж.С. 17-18 наурыз, 2022 жыл «PRIORITY AREAS OF RESEARCH: ANALYSIS AND MANAGEMENT» атты конференцияға қатысты.
«Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Алматова Б.Г. және кафедра оқытушысы, PhD докторы Саркулова Ж.С. 25.02.2022 ж. ҚР ҰҒА академигі, көрнекті ғалым, Қазақстанның мұнай-химия ғылыми мектебінің негізін қалаушы Надиров Надир Каримовичтің 90 жылдығына арналған «Ғылыми дәстүрлер сабақтастығы мен мамандыққа адалдықтың жарқын мысалы» атты V Халықаралық ғылыми Надиров оқуларына қатысты.
2022 жылдын 7-9 желтоксанда Ғұмарбек Даукеев Алматы энергетика және байланыс университетінде Болашақ энергетиктер арасында “Электротехниканың теориялык негіздері” мен “Жылуландыру жене жылутехникасы негіздері” пәндері бойынша республикалық олимпиадада
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық, факультетінің “Мұнай-Газ ісі” кафедрасының “6B07106 – Электроэнергетика” БББ оқытушылары А.Е. Ансапов, Н.Б. Курбангалиева жетекшілігімен студенттер бақтарын сынады . Студенттер басқа университеттердің оқу жүйесімен танысып, тәжірибе алмасып қайтты. Олимпиадаға қатыскан студенттер өздерінің біліктіліктерін көрсетіп, жоғары сатылардан орын ала білді және жарыс соңында алғыс хаттармен марапатталды.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылым аптасы аясында Техникалық факультеті «Мұнай – газ ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен 11-сәуірде “SPE Pertobowl” интеллектуалды ойыны өтті.
Интеллектуалды ойынға С.Бәйішев атындағы университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің командалары қатысты.
Интеллектуалды ойын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультетінің деканы Балгынова А.М. алғы сөзімен басталды.
1-орын. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті;
2-орын. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Осы SPE Pertobowl интеллектуалды ойынын дәстүрге айналдырып, келер оқу жылында 1-орын алған оқу ордасында ұйымдастырылатын болды.
Интеллектуалды ойынды ұйымдастырушы “Мұнай-газ ісі” кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы Котик Е. П., PhD, аға оқытушы Саркулова Ж.С., оқытушы, магистр Оразбек А.
Техникалық Факультет, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының “7М07106-Электроэнергетика” білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Узакбаев Расул Балтабайулы «БӨБЕК ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» Заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен “ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2022 жыл” байқауында I-дәрежелі диплом иегері атанған және “ТМД-ның 100 ҮЗДІК СТУДЕНТІ”қатарына енген.
Ғылыми жетекші «Мұнай-газ ісі» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жубандыкова Женискуль Умиртаевна
2023-2024 оқу жыл аралығында " Электрэнергетикасы " және « Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары (ББ) сәтті 5 жылға аккредиттеуден өтті!
Бұл біздің бағдарламамыз білім беру сапасының жоғары стандарттарына сәйкес келетінін және аккредиттеу органдарының талаптарын қанағаттандыратынын білдіреді. Мұндай ұзақ аккредиттеу оқу бағдарламасының жоғары сапасын растайды, бұл студенттерді тартуға және біздің Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетіміздің беделін арттыруға ықпал етеді.
2023 жылы т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, доцент ВАК Алматова Б.Г. «Ғылыми комитеті ғалымдардың шет елдерде ғылыми тағылымдардан өту бағдарламасы» бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
2024-2025 оқу жылдары аралығында «7М07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. Бұл аккредиттеу аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан берілген халықаралық мамандандырылған аккредиттеу куәлігімен расталады.
Аталған жетістік «Мұнай-газ ісі» кафедрасының білім беру деңгейінің жоғары екенін және оның ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарына толық сәйкестігін айқындайды. Мұндай аккредиттеу, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, студенттерге заманауи білім мен кәсіби дағдыларды беру мақсатында кафедраның тұрақты түрде өз жұмысын жетілдіріп отырғандығын көрсетеді.
Бұл аккредиттеу студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге кафедраның халықаралық деңгейде мойындалған білім беру сапасы мен кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететіндігін дәлелдейді.
2023 жылы т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, доцент ВАК Алматова Б.Г. «Ғылыми комитеті ғалымдардың шет елдерде ғылыми тағылымдардан өту бағдарламасы» бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
2024-2025 оқу жылында «Мұнай-газ ісі» кафедрасының доценттері Б.Г. Алматова, А.М. Балгынова және Р.О. Орынбасар «доцент» атағын иеленді. Бұл жетістік олардың кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейін және кафедраның ғылыми және білім беру саласындағы маңызды үлесін көрсетеді.
2024 жылы Ғылым айы аясында ұйымдастырылған Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Жыл үздігі» байқауының аясында «Үздік жас ғалым-2024» номинациясымен PhD, мұнай-газ ісі кафедрасының доценті Сарқұлова Жадырасын Сейдуллақызы марапатталды.
2024 жылы 30 қазан айында өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» атты ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында бағдарламалық мақаласы өткізілді.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық факультетінің “Мұнай инженериясы” мамандығының магистранты Темирханова Мадина Махсетбайкызы
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауына қатысып, жүлделі 🥇 орын иегері атанды😍
2023 жылы АЭУ профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Тастанова Л.К. «Ғылыми комитеті ғалымдардың шет елдерде ғылыми тағылымдардан өту бағдарламасы» бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Ақтөбе өңірлік университетінің техникалық факультетінің Мұнай газ ісі кафедрасының Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Балгынова Ақжаркын Мерекеевна көршілес мемлекет Қырғызстанға ғылыми іс-сапармен барып келді.
К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті мен М.Адышев атындағы Ош технологиялық университетінің Д.05.23.682 диссертациялық кеңесінде Ж.Ы. Осмоновтың "Фермерлік шаруашылықтар жағдайында сүзгіш центрифугасы бар биогаз қондырғысының параметрлері мен көңді қайта өңдеудің технологиялық процесін негіздеу" тақырыбындағы диссертациялық жұмысы бойынша ресми оппонент ретінде қатысты.
Диссертациялық жұмысты талқылауға Ресей Федерациясынан М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федеральды университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы В.П. Друзьянова да ресми оппонент ретінде қатысты.
Бұл ғылыми ынтымақтастық Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстардың нығаюына үлес қосты.
Мұнай-газ ісі кафедрасының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен CASE-IN халықаралық инженерлік чемпионатының «Мұнай-химия» бағыты бойынша өңірлік жартылай финалына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Инженерлік әлеуетті дамытуға бағытталған CASE-IN — өндірістік кейстерді шешуге негізделген беделді халықаралық чемпионат. Биылғы жарысқа Қазақстанның бірнеше қаласынан, оның ішінде Алматы, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Оралдан барлығы 12 команда қатысты.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің атынан қатысқан «Golden Oil» командасы «Мұнай-газ ісі» кафедрасының беделін көтеріп, жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл жеңіс команда мүшелерінің жоғары деңгейдегі дайындықтары мен кәсіби біліктіліктерін айқын көрсетті. Команданың ғылыми жетекшісі – «Мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті, PhD, Абилова Г.К. Команда құрамында «Мұнай-химиялық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттері Қайрат Әлем, Айсана Аманғали, Самал Диас және «Химиялық инжиниринг» мамандығының студенті Жанат Абдулла бар.
Осы жетістік — кафедраның жүйелі ғылыми-әдістемелік және тәрбиелік жұмысының нақты нәтижесі. Студенттердің білімге, кәсіби өсуге деген ынтасын қолдап, бағыт-бағдар беріп отырған оқытушылар құрамының еңбегі зор.
Мұнай-газ ісі кафедрасының студенттері 2025 жылдың 10-15 ақпан аралығында Астана қаласында өткен Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау аясында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Фестивальдің «Predictive Maintenance» бағыты бойынша «Oil Angels» командасы бірінші орынға ие болды. Команда құрамында келесі студенттер болды:
- Сагинбай Айым Ілиясқызы (НГДк-302)
- Ануарқызы Дильназ (НГДк-302)
- Изтлеуова Дария Русланқызы (НГДк-301)
Сонымен қатар, үшінші орынға талантты студенттерден құралған тағы бір топ ие болды:
- Кадрбаев Айлан Нұрланұлы (НГДр-3)
- Брендель Денис Романович (НГДр-3)
- Нұрланов Нұрбақыт Мұхтарұлы (АрУр-302)
«Машина жасау және робототехника» бағыты бойынша да университетіміздің студенттері жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
TechDigital04 тобы 3-орынды жеңіп алды, команда құрамында:
- Қонысов Бексұлтан (НГДк-302)
- Нұрланов Нұрбақыт (АиУр-302)
- Жексенов Даниль (АжБк-302)
Ал «Newcar» командасы да 3-орынға ие болды, құрамында:
- Брендель Денис (НГДр-3)
- Кадрбаев Айлан (НГДр-3)
- Айбекұлы Арсен (АжБк-302)
Команданың жетекшісі, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті, PhD, Сарқұлова Ж.С. Бұл жетістіктер университетіміздің жоғары деңгейдегі білім беру және ғылыми жұмысын көрсетеді, сондай-ақ студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға деген ұмтылысы мен табандылығын дәлелдейді.
2025 жылдың 20 мамырында С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде 7М07102 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының II кезеңі өтті. Бұл конкурсқа Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің техникалық факультетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының 2-курс магистранты Дүйсенғали А.Б. «Хитозан мен геллан негізіндегі гидрогель пленкаларын алу және сипаттау» тақырыбында қатысып, ғылыми жұмысын ұсынды. Ғылыми жетекшісі PhD, кафедра доценті Абилова Г.К.
Магистрант өзінің ғылыми білімін жоғары деңгейде көрсетіп, терең талдау мен зерттеу дағдыларын іске асырды. Кәсіби ғылыми жетекші, терең теориялық көзқарастар мен жоғары сапалы практикалық әдістерді біріктіре отырып, зерттеудің сәтті дамуына ықпал етті.
Конкурс қорытындысы бойынша Дүйсенғали А.Б. жұмысы үздік деп танылып, 1 орынға ие болды. Бұл – оның ғылымға деген шынайы қызығушылығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл жетістік тек магистранттың ғылыми деңгейін ғана емес, сонымен қатар «Мұнай-газ ісі» кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын да көрсетеді.
Дүйсенғали Ақназды жеңісімен құттықтап, оның ғылыми жетекшісі PhD, кафедра доценті Абилова Г.К.-ны ғылымды дамыту мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы тамаша жұмысы үшін шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктер мен табыстарға жетулеріне тілектеспіз!