7М07213 «Металлургия»
Оқу мерзімі:
Профильдік бағыт – 1 жыл.
Берілетін дәреже:
7М07213 «Металлургия» бойынша техника және технология магистрі дәрежесі беріледі.
Кәсіби қызмет саласы:
Магистратураны аяқтаған мамандар өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру жұмыстарын өнеркәсіптік кәсіпорындарда орындайды:
• бағыт бойынша инженер-технолог;
• инженер-зертханашы;
• ғылыми-техникалық бөлімнің қызметкері;
• инженер-жобалаушы;
• жоғары және орта білім беру мекемелерінің оқытушысы.
Кәсіби қызмет объектілері:
Түсті және қара металлургия кәсіпорындары, химия, тау-кен-химия және машина жасау өндірістері.
Кәсіби қызмет пәні:
Кәсіби қызметтің пәніне металлургия өнеркәсібінің технологиялық процестері, минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеудің заманауи тәсілдері, ферроқорытпа өндірісіндегі жабдықтарды инженерлік жобалау және роботтандыру, сондай-ақ металды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтар жатады. Сонымен қатар, заманауи металлургиядағы процестер мен агрегаттарды дамыту және металлургиялық өндірістерде рециклдеу технологияларын енгізу маңызды мәнге ие.
Кәсіби қызмет түрлері:
7М07213 — «Металлургия» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
• ұйымдастыру-басқарушылық;
• ғылыми-зерттеу;
• жобалық.
Тәжірибе базалары:
«ТНК Казхром» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.