Аккредитациядан өту (өткен жылы, мерзімі)
2015 жылғы наурыз айында «Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі» КЕҰ сыртқы сараптау комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті (Куәлік № АВ 5542, тіркеу нөмірі, 20.12.2024 ж. – 19.12.2029 ж.).
Оқу мерзімі
Күндізгі оқу түрі: 4 жыл
Берілетін дәреже
6B07210 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Кәсіби қызмет саласы
Бакалавриат түлектері металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарды орындайды, сондай-ақ қара, түсті, сирек және радиоактивті металдарды байыту және алу саласында, қорытпалар мен арнайы материалдарды өндіруде, металдар мен қорытпаларды өңдеуде, сондай-ақ металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кәсіби қызмет объектілері
Түлектердің кәсіби қызмет объектілері:
- қара және түсті металлургия кәсіпорындары;
- химия және тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары;
- ғылыми-зерттеу және жобалау институттары;
- зауыттық зертханалар;
- білім беру ұйымдары.
Кәсіби қызмет пәндері
- металлургиялық өндірістің негіздері;
- металлургиялық өндіріске шикізатты дайындау;
- металлургиялық процестер теориясы;
- металлургиялық процестер технологиясы;
- металтану және металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу.
Кәсіби қызмет түрлері
6B07210 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының бакалаврлары келесі қызмет түрлерін орындай алады:
- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық;
- есептік-жобалау;
- эксперименттік-зерттеу.
Практика базалары
АО «ТНК «Казхром» филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, сондай-ақ металлургия саласындағы басқа да кәсіпорындар.